Басты бет Иман Бейбітшілік және келісім – адамзат таңдауы

Бейбітшілік және келісім – адамзат таңдауы

0
6,732

 Біз ­– азат елміз. Біз ­– бейбіт елміз. Ғасырлар қойнауында бабалар аңсаған тәуелсіздіктің таңын қарсы алатын егемен елдің азаматтарымыз. Біз Үлкен Ел, Үлкен отбасымыз. Қазақстанның мәңгілік мекені – Ұлы Дала еліне бата қонып, бақ дарыған. Біздің басты құндылығымыз – тәуелсіздігіміз. Оны көздің қарашығындай сақтаудың маңызын әрқайсысымыз жүрегімізбен түйсінеміз, жанымызбен сезінеміз. Елбасы Н.Назарбаев: «Біз қандай заманда да тәуелсіздік тізгінін ұстауға тиіспіз. Елімізді іштің, сырттың алауыздығынан сақтап, нығайта түсу тарих алдындағы парызымыз және жауапкершілігіміз. Ұлы Далада туымызды тігіп, еркін өмір сүруге лайықты екенімізді күн сайын өзімізге де, баршаға да дәлелдеп отыруымыз керек», – деп орынды бағасын берген.


Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін, бақытымызды баянды ететін ол — ел бірлігі, қоғамдағы келісім, елімізді мекендеген барлық ұлт пен ұлыстардың өзара татулығы, бір-біріне деген төзімділігі. Қолдан келетін бір-ақ нәрсе — туған еліміздің басына қонған бақ құсын ұшырып алмау! Ол — бейбіт, тыныш өмір. Шынында да, халқымыздың маңдайына біткен бағы да, көзінің қарашығындай қорғаштауға тиіс басты жетістігі де, ту етіп ұстар ұлы құндылығы да тәуелсіздік емес пе? Осындай мамыражай, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» кезеңде өмір сүруіміз, берекелi бiрлiгiмiз Елбасымыздың ақылы мен парасаттылығының арқасы. Біздің дана халқымыздың «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөзі бар екен. Міне, біздің елімізге де ырыс дарып, халқымыз дұрыс бағыт алып, мәңгілік ел болуға қадам басты. Елдің тілегі де бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, адамзаттың құндылығын сақтау екенін бүкіл әлем мойындады. Осындай дәрежеге келісім мен ынтымақтың нәтижесінде жеттік. Сондықтан әлемдік өркениет көшіне екпіндей енген тәуелсіз еліміздің этносаралық келісімінің беріктігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы тиіс. Қазір біз осы елдің бақытты азаматтарымыз деп қай жерде де мақтанышпен айта аламыз. Өйткені біз әртүрлі ұлт өкілдері бас қосып, бір мақсат, бір тағдыр жолында Болашағы біртұтас – Мәңгілік Елді құруға бірге келе жатырмыз. Бұл тұста көреген басшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың келешектің кемелдігі үшін Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрудағы идеясының маңызы зор болғандығы ақиқат. Әлемде бірде бір мемлекет қол жеткізбеген әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлері мен жоғары өкілдерін бір шаңырақ астына жинап, бес рет съезд өткізді. Ондағы мақсат – елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау, тыныш өмірді орнықтыру. Бейбітшілік және келісім — бүкіл адамзаттың қалауы, таңдауы. Сол жолда қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыру. Қоғамдық тұрақтылық сақталмаса, қоғамның дамуы, экономиканың өсуі, мемлекеттің өркендеуі мүмкін болмайды. Дана бабаларымыз «Бір күн ұрыс болған үйдің ір­ге­сінен қырық күн қырсық кетпейді» деген екен. Сондықтан қоғамдағы шиеленістердің алдын алу жолдарының бірден бірі — ол ата-баба дәстүрін жаңғырту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру болып табылады.
Бүгінде Қазақстан – достықтың киелі шаңырағына айналды. Осы тұрғыдан алғанда дана халқымыз: «Көптің қолы біріксе, көкке жетеді» деп тегін айтпаса керек. Бүгінгі Қазақстанның басты жетістігіне айналған қоғамдық келісім елдің нәтижелі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының кепіліне және негізіне айналуда. Ауданда негізінен қазақ, ұйғыр бір туған бауырдай, құда-жекжат болып тату-тәтті ғұмыр кешуде. Отанымыз ортақ үйіміз. Алауыздық, түсініспеушілік жоқ. Анда-санда сақалдары қапсадай, қысқа балақ киген жастар мен бет-ауыздарын тұмшалаған бойжеткендердің көшелерімізде кездесіп жататыны өтірік емес. Олардың пиғылдарын, ниеттерін білу мақсатында әңгімеге тартамыз. Ұстанған діндері мен саяси көзқарастарын бақылаймыз. Мемлекеттің саясатын түсіндіреміз. Бейбітшілік пен достықты ту етіп отырған Қазақстан деген елдің іргесі ыдырамау, шаңырағы шайқалмау үшін басқа ағым жолында жүргендерді де дұрыс бағытқа салуға арнайы мамандармен жүздестіреміз. Ең бастысы елдегі бейбітшілік пен келісімнің – адамзат таңдауы екендігіне көздерін жеткізу. Бейбітшілік, келісім орныққан елде береке мен құт қатар жүреді. Олай болса Қазақстан — жүзден аса ұлтқа Отан болған, татулығы мен ынтымағы жарасқан бейбіт мемлекет. Осы бағымыздан айырмасын.

Гүлжаһан ӘЛИКЕЕВА,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ДІТТЕГЕНІ НЕ НӘРСЕ?

Бүгінгі қоғам өте қызық. Ондағы тіршіліктің қайсысы жақсы, қайсысы жаман деп ойыңды қорытқ…