Көркімен көз тартар бас қаланың әсем ғимараттары шетелден келген қонақтарымен қатар қазақстандықтарды да әлі күнге дейін таңғалдыруда. Әр ғимарат өзіндік ерекшелігімен салынып, оның бой көтеруіндегі мәні мен мағынасы тереңде жатыр. Солардың бірі – пирамида тәрізді салынған «Бейбітшілік және келісім сарайы». Ол 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай бүгінгі таңда өзара түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. …