Бүгінгі қоғам ешнәрсеге көңілі толмайтындардың, әйтеуір біреуді сынап, мінеп, ақыл айтатындардың заманына айналғандай. Шыны сол. Қай жерге барма өкпелерін арқалап алған адамдар. Анау жаман, мынау білімсіз, анау жемқор, мынау сауатсыз. Ал сол сынағыштар, сөйлегіштер өздері қолдарынан ештеңе келмегендерін айып көрмейді. Біреуге жақсылықтары жетпей жатқандарын сөкет санамайды. Біз қазір әкімдіктегі адамдардан бастап, мұғалімдер мен дәрігерлерді сын тезіне алуды дәстүрге айналдырып алдық. …