Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында «жасыл технологиялар» жобаларын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Жаңартылатын энергия көздері саласында Қазақстан әлемдік инвесторлар үшін тартымды алаңға айналып отыр. ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша таза энергия генерациясының үлесі жалпы өндіріс көлемінің 7%-нан асты, ал стансалар саны 159-ға жетті. «Биыл 266 МВт жиынтық қуатқа ие бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырдық. Қарағанды және Ұлытау облыстарында жаңа …