Басты бет Өңір тынысы ОБЛЫСЫМЫЗДА «АҚЫННЫҢ ҚАЛАМЫ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ (ӘДІЛДІК. ПАРАСТТЫЛЫҚ. СЕНІМ.)» АТТЫ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ!

ОБЛЫСЫМЫЗДА «АҚЫННЫҢ ҚАЛАМЫ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ (ӘДІЛДІК. ПАРАСТТЫЛЫҚ. СЕНІМ.)» АТТЫ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ!

0
200

Жастар
бойында адалдық пен сенімділікті, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем
төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, жас ақындар
шығармашылығын қолдау мақсатында «Ақынның қаламы – адалдық алаңы (Әділдік.
Парасттылық. Сенім.)» атты жастар арасында ақындар мүшәйрасы ҚР Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Алматы облысы бойынша департаменті, 
Алматы облысы жастар ресурстық орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен өтті.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының Бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос
Сағындықұлы осындай шараларды жастар арасында өткізудің маңыздылығы туралы
айтып, жас ақындар адалдықты насихаттап өлең жолдарын жазуы өте қажет екенін
атап өтті.

Ақындар
додасына облысымыздың 14 пен 21 жас аралығындағы шығармашыл, жазба ақындар
өнерлерін көрсетті.  Қатысушылардың арнау
өлеңдері бұрын жарияланбаған, жаңа шығармашылық болды. Әрбір қатысушысы
мүшәйраның мақсатына сәйкес, тақырыпты толық ашып, әділдік, парасаттылық,
сенімге сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған
өлең жолдарын оқып шықты.

Байқауда
өнерін жоғары деңгейде көрсеткен «Авиценна» медицина колледжінің студенті  Жеңісханұлы Серікбол  «Арманым – адал болашақ» атты өлең жолдарын
оқып, жеңімпаз атанды.

Байқау
жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешіміне сәйкес диплом, алғыс хат
және сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

КҮЛДІРЕ БІЛУ – ӨНЕР, КҮЛЕ БІЛУ – ӨМІР

Асқар аға Наймантаев бастаған «Терісқақпай» театры Қарадалаға келеді екен деген хабарды ес…