Басты бет Әлеумет Туу куәлігін қайтара алу үшін онлайн өтініш беру

Туу куәлігін қайтара алу үшін онлайн өтініш беру

0
2,323

Егер балаңыздың туу туралы куәлігін жоғалтып не бүлдіріп алған болсаңыз, ооның телнұсқасын алуға өтінішті ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн беруге болады.

Әдеттегідей, сізге egov.kz көмектеседі.
Ең алдымен порталда авторланып, «Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу» қызметін таңдаңыз. Оған онлайн сұрау салып, ЭЦҚ-мен немесе бірретік парольмен қол қойыңыз.
Қызмет ақысы
Мемлекеттік қызмет құнын төлеу үшін картаңызды пайдаланасыз, Қызмет құны – 1 АЕК.

Өтінішіңіздің қабылданғаны және дайын болғаны туралы ақпарат жеке кабинетіңізде көрінеді.
Дайын құжатты алып кету үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгінесіз. Өзіңізбен бірге жеке кабинетіңізге келген хабарлама мен жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.
Онлайн қызметті баланың туу туралы жазбасы 2007 жылдың 13 тамызынан бастап жазылған азаматтар ала алады. #oqytoqy

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында 800-ге жуық нысан мүгедектігі бар азаматтарға бейімделді

Инфрақұрылым қолжетімділігін арттыру «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясы…