Басты бет Рухани жаңғыру ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

0
143

Облыс орталығы Талдықорған қаласында тәуелсіздік мерекесі қарсаңында дүбірлі дода өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын тұрғындар арасында насихаттау, мұғалімдер ішінде түсіндіру мақсатында өткен бұл пікірсайысты Алматы облысы дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Дінтану пәні мұғалімдерінің білімін, біліктілігін, оқушыларға берер тәлімін бағалау үшін Алматы қаласынан арнайы дінтану мамандарын шақыртып, солардың талқылауына салған жарыста кіл мықтылар жиналыпты. Дінтану пәні қоғамға, мектептерге соңғы кезде енгізілгендіктен әлі де кемшін тұстары көп. Мұғалімдер де бұл пәннен өздерінің үйренетіндері көп. Әлі де тәжірибе алмасулары қажет. Дей тұрғанмен бұл сайыс біздің мұғалімдердің жоғары деңгейлерін дәлелдеді. «Қазіргі заманғы діни ахуал және зайырлы мемлекеттегі дінтанушылардың рөлі» атты тақырыпта өткен пікірсайыстан мұғалімдер көптеген мағлұмат алып, білетіндерімен бөлісіп, білмейтіндерін үйреніп, тағылымды жағынан пайдасы зор болды.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері арасында дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу бағытында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, білімді, отансүйгіштікті, ұлтжандылықты, біліктілікті, тапқырлық пен ұшқыр ойлылықты, өз ойын жетік және мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылау және шешу жолдарында тың идеялар тудыруға баулу, қисынды ойлау дағдысын жетілдіру болды. Осындай тартысты жарысқа аудан атынан №3 Илья Бәхтия атындағы орта мектебінің дінтану пәнінің мұғалімі Зухра Тохтахунова мен №5 Шонжы орта мектебінің дінтану пәнінің мұғалімі Ранагүл Садыковалар қатысты. Екеуі де ұйғыр мектебінің мұғалімдері бола тұра мемлекеттік тілде барлық турда бірдей деңгейде ой жарыстырды. Пікірсайысқа қатысқан 20 команданың ішінде оқ бойы озық танылып мәре сызығына дейін жетті. Жүлделі үштікке ілінбесе де «Үздік тапқырлар» номинациясын жеңіп алып, қазылар алқасының мадақтауына лайықты деп танылды. Сыйлыққа планшет алды.
Жеңімпаз қыздарымыздың жеңісіне құтты болсын айтамыз.
Дилдар АБДУЛЛАЕВА,
№5 Шонжы орта мектебінің мұғалімі

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Йеңи кабинет, йеңи реҗиләр…

Қазақстан Җумһурийитиниң Тунҗа Президенти Нурсултан Әбиш оғли Назарбаевниң «Келәчәккә ниша…