Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымның арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы түрлі пікірталастар жүргізіліп келген болатын. 2012 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасаған болатын.
Жолдауда қазақ тілінің біздің рухани негізіміз екендігі, 2025 жылға дейін әліпбиіміздің латын қарпіне, латын әліпбиіне көшетіндігі айтылған болатын. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру елімізге саяси жағынан да, ғылым-білім тұрғысынан да, заман талабына сай даму үшін де өте маңызды. Латынға көшу – жаһанданудың бүкіл әлемдік үрдісіндегі заман талабы. «Қазақстан халқының басын біріктіретін мемлекеттік тіл»-дейтін қағиданың өмірге қолданылуы да осы жолмен іске асады. Алаш арыстарының латын әліпбиіне көшу идеясы тарих сахнасында бірнеше жыл ғана іс атқарып, кейін орыс кириллицасына ауысқан. Тәуелсіздік алғаннан кейін осы мәселе қозғалып, қоғамда оң көзқарасқа ие болып, талқысына түсе бастаған еді. Қазіргі таңда бұл тақырып қоғамда оң көзқарасқа ие болып, бұқараның назарында жүр. Алаш зиялылары құрастырған латын әліпбиімен қайтадан қауышу – өткенімізді өшірмеу. Осындай жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын алфавитін үйрену – заман талабынан туындап отыр. Әліпби мен жазу — адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп қалдыратын құнды байлықтарымыздың негізгісі. Бүгінгі еліміздің саяси, экономикалық, ғылымилық, халықаралық маңызы бар мәселелер тоғысында ғаламтор мен ұялы байланыстың жазармандары мен пайдаланушылары көбейген тұста интернет желісін пайдаланушылардың латын тіліне қажеттілігі артпаса кемімейтіні анық. Барша қоғамның талқылауының нәтижесінде әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандарт жобасымен танысып, осы бағыттағы шаралар жүргізілуде. Ұлттық санамызды жаңартып, қоғамға рухани серпін беріп, заман көшіне ілесуге жасалған игі қадам деуге болады. Әліпби ауыстыру – өз тілімізді ұмытып басқа тілге көшу емес, ана тілімізді түлетіп, қоғам сұранысына сай ету, қолданыс аясын арттырып, осы заманғы ғылыми-техникалық прогреске икемді тіл ету. Латын әліпбиіне көшу арқылы еліміз ашық демократиялық қоғам құрып, заманауи ғылым мен әлемдік өркениетке қол жеткізетініне нық сенімдіміз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы қазақ жазуын латын қарпіне көшіру туралы ұстанымдары елдің болашағына, мемлекеттік тілдің келешегіне жасалған игі іс, маңызды тарихи оқиға ретінде халықтың зор ықыласына ие болды. Осыған орай «Шарын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің де ұжымы, мектеп оқушылары латын графикалы әліпбиін үйреніп, қолдану барысында игі шаралар атқарып жатыр.
Назгүл САГЫБЕКОВА,
Шарын орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі
Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө… -
Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
Іс-шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Форумға Алматы облысының әкімі М… -
Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ
Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұрпақтың парызы. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп…