Басты бет Ақпарат ағыны Қонаевтың 17 мектебіне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

Қонаевтың 17 мектебіне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды

0
263

Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері өңірдегі цифрландыру жобалары мен Alatau Hub аймақтық технопаркінің маңызы туралы баяндады.

Цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Димаш Шапатайдың айтуынша, Қонаев қаласында білім беру мекемелерінің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, бірнеше маңызды жоба іске асырылуда.

“Қаладағы 17 мектепке GSM жүйесіне негізделген хабарландыру жүйесі орнатылды. Бұл жүйе төтенше жағдайлар кезінде автоматты түрде 109 қызметіне және жедел жәрдемге хабарлама жібереді. Осылайша, мектептердің қауіпсіздік деңгейі артып, шұғыл қызметтердің жедел әрекет етуі қамтамасыз етіледі”- деп атап өтті Димаш Шапатай.

Сонымен қатар, қаладағы тұрмыстық қалдықтарды басқару процесі де цифрлық шешімдер арқылы жетілдірілуде. Қонаев қаласындағы 99 қоқыс орнына QR-кодтар орнатылып, тұрғындар оларды сканерлеп, қоқыс шығару мәселелері бойынша жылдам хабарлама жібере алады.

Қазіргі таңда Smart Qonaev мобильді қосымшасы қолданысқа берілді.Бұл қосымша арқылы қала тұрғындары маңызды жаңалықтар мен шаралар туралы ақпарат алып, әкімнің жеке қабылдауына электронды түрде жазыла алады. Осылайша, цифрлық технологиялар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Сондай-ақ, аймақтағы инновациялық экожүйенің дамуына ықпал ететін Alatau Hub аймақтық технопаркі де өз жұмысын жалғастыруда. Аймақтық менеджер Бексұлтан Нұрақынның айтуынша, орталық IT саласындағы мамандар, стартаптар және инвесторлар үшін маңызды алаңға айналып, өңірде жаңа технологиялар мен жобаларды дамытуға септігін тигізіп отыр.

“Alatau Hub-тың мақсаты -өңірде мықты IT-қоғамдастықты қалыптастыру. Қысқа мерзім ішінде біз 19-дан астам іс-шара ұйымдастырып, оған 400-ден астам адам қатысты. Жақында біздің хабқа Arbuz.kz, 1fit, PCA Group, Jusan сияқты жетекші компаниялардың өкілдері келді”, -деп мәлімдеді Бексұлтан Нұрақын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАЙ…

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби…