Басты бет Басты ақпарат МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

0
114

 Еліміздің болашағы алаңдатып, қара басының қамын ысырып қойып, қарапайым халық үшін күрескен арыстарымыз көп. Азаттық жолында бар күш-жігерін салып, тілімізді, дәстүрімізді, тарихымызды ұмытпауға қызмет жасап, ұлттық құндылықтарымыз бен жәдігерлерімізді осы күнге дейін мұқалтпай алып келген сол азаматтардың ерен еңбегі.


Барлығының мақсаты – дербес мемлекет болып қалыптасып, тәуелсіздік алу еді. Осы жолда бар білімін, біліктілігін салып еңбек еткендер тәуелсіз ұрпақтың мәңгі жадында, тарихымыздың төрінде. Оларды ұлықтап, еске алып, ескеріп жүру – абыройлы міндетіміз. Мәселен, бесінші қыркүйек – қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым, қазақ әліпбиін құрастырған біртуар азамат Ахмет Байтұрсынұлының дүние есігін ашқан күн. Осыған орай, биылдан бастап қазақстандықтар ұлттың биік тұғыры болып есептелетін тілдер мерекесін Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен қатар тойлайтын болды.
Тілдің болашағы елдің болашағы деп бағаланатыны әмбеге аян. «Тілі өлген ел, тірі өлген ел» демекші тіліміз өркендеп дамыса, еліміздің де кемелденері анық. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі өсіп, асқақтаған сайын сол боздақтардың еңбегі жанғандай болды.
Баға жетпес қазыналарымызды ұлықтау мақсатында аудандық мәдениет үйінде «Тіл тұғыры – Ұлт ғұмыры» атты тақырыпта мерекелік шара өтті. Кеш қазақтың маңдайына біткен тұлғаларының тіл, ұлт, болашақ тұрғысында айтылған ғибратты сөздерімен бастау алды. Сонан соң мемлекеттік Гимн орындалып, аудан әкімі Шухрат Нурахунов қатысушыларға жылы лебізі мен құттықтауын жеткізді. Мемлекеттік тіліміздің өркендеу жолында белсенділік танытып, ана тілдің мерейін асқақтатып жүрген жандарға алғыс хаттарын табыстады. Мектеп қабырғасындағы бүлдіршіндердің арнайы дайындаған қойылымдары да терең мағынасымен ой салып, талайға үлгі- өнеге көрсетті. Бүлдіршіндердің бұл әрекеттерінен бойларындағы партиоттық сезімдерінің асқақтап тұрғанын, тілге деген махаббаттары мен жанашырлықтарын аңғаруға болады. Сондай-ақ оқушылар латын қарпіне көшуге өз көзқарастарын білдіріп, бұл қадам дамыған елдер қатарына кіру үшін маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Жұртшылық «Жазерке», «Арзу» халықтық ән-би ансамбльдерінің өнерін тамашалады. Қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде әндер шырқалып, бірлігі жарасып, құндылықтарымыз сақталған ел екеніміз тағы бір мәрте дәлелденді. Түрлі этнос өкілдері қазақ тілінде арнауларын айтып, тыныш түн сыйлап, бейбіт өмір кешуге жағдай жасап, қонақжайлық танытып отырған қазақ халқына алғыстарын жеткізді. Осындайда талайдың жүзіне күлкі сыйлап, қорған болып отырған еліңмен еріксіз мақтанасың. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, тіліміз тұғырынан таймасын. Еліміздің мерейін асқақтатып, тарихымызды түгендейтін тағылымы мол кештер көп болса екен дейміз.

Ынтызар БЕРЕНБАЕВА

  • ӘСТИН ЧИҚМАС БИР КҮН

    Вәтәнпәрвәрлик – туғулған йәргә болған муһәббәттин томур тартиду. Шундақ екән, биз яшлирим…
  • ҰЛТТЫҚ РУХЫМЫЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

    «Ел болам десең, бесігіңді түзе» — дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Яғни адамзаттың бастауы …
  • Кетпенде өткен керемет кеш

          Кетпен ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Төр – қариялардыкі

Қазан айының бірінен қарашаның біріне дейін қарттарға құрмет көрсетілетін ай ретінде бекіт…