Басты бет Өңір тынысы ПАРТИЯНЫҢ ПӘРМЕНІМЕН ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫС

ПАРТИЯНЫҢ ПӘРМЕНІМЕН ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫС

0
1,301

Ауданымыздың мәдени бет бейнесі күннен күнге көркіне кіріп қуантып келеді. Заман талабына сай дүкендер бой көтеріп, жаңа жолдар салынып, кешегі көшенің жұпыны көрінісі бүгін әлдеқайда әдемі түрге енген. Осы жаңашылдықтардың барлығы халықтың игілігіне және мәдениетіміздің алға қарай қадам басуы үшін жасалып келеді. Өркениеті дамыған елдермен тереземізді теңестіру үшін біздің елде қандай сала болса да даму жағынан заманауилықты қажет ететіндігі ең бірінші заңдылық. Бірақ жылдар бойғы орын алған осы өзгерістер ауданымыздың көркін келтіргенімен жазылмай қалған жараның орны сыңайлы боп тұрған жабайы тұстары да жоқ емес.


Мұнымен айтпағым ауданның дәл ортасынан ойып тұрып орын алған орталық базардың бүгінгі жай-күйі. Орталық базар мен оның маңындағы белгілі бір жеке кәсіпкердің иелігіндегі жалға беріліп отырған жердегі жабайы сауда алаңы бітпес дауға, таусылмас жырға айналып барады. Жылдар бойы шешімін таппаған қос тараптың арасындағы жер дауы мен ондағы сауда-саттық базарының ашық-шашық, жабайы түрі аудан басшылығы қанша арпалысса да, ол жұмыстар оң нәтиженсін бермеді. Жергілікті атқарушы органдар мен құзырлы органдардан үмітін үзді ме, сенімі сейілді ме, әйтеуір аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Шухрат Турдахунұлы дәл осы күрделі мәселенің күрмеуін шешу үшін көшбасшы партияға пәрмен берді.
«Нұр Отан» партитясы аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі, аудандық маслихат депутаты және партия белсенділерімен бірлескен комиссия құрылып, орталық базар алаңына үш рет зерделеу жұмыстарымен және орталық базардың әкімшілік ғимаратында екі рет мемлекеттік акті, сызба нұсқалар сияқты құжаттарды жан-жақты талқылау жиналыстарында бас қосты. Жүргізілген зерделеу жұмыстарының барлығында аудандық жер кадастрлық мекемесінің мамандары мен тәуелсіз сарапшы ретінде «ГеоАзия» ЖШС-нің маманы қатысып отырды. Сонымен қатар қосымша зерттеулер, салыстырулар және ЖК «Надырова» мен «Орталық базар» ЖШСнің арасындағы күрделі дауға ұласқан жер телімін өздерінің қатысуымен өлшеу жұмыстары жасалды. Көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан қос тараптың дауы оң нәтиже бермегендіктен, комиссия мүшелері сол жер телімдері берілген жылдардағы құжаттарды көтеруге дейін барды. 2018 жылғы наурыз бен сәуір айларының аралығында 1 айға созылған зерделеу, зерттеу жұмыстарының нәтижесі үстіміздегі жылдың 26 сәуір күні «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңес Бюросының отырысында қаралды. Барлық зерделеу жұмыстарын жүргізуге көптеп күш жұмсап, тыңғылықты жұмыс атқарып, нақты нәтиже шығарған партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Тиляпжан Ашимұлы комиссия жұмысының қорытынды анықтамасымен таныстыру үшін баяндама жасап, оншақты жылдан астам уақыт бойы жұмбақ күйде тұрған Құдайбергенов көшесінің бойындағы ашық сауда-саттық базарларының барлық заңсыз тұстарын нақты дәлелдермен көрсетіп, халықтың қандай қауіп-қатердің ортасында жүргенін және заңның белшеден басылып жатқандығын, “сен тимесең мен тимеймін” деп жатқан жергілікті атқарушы орган мен құзырлы органдардың әрекетсіздігін әшкерелеп, жылдар бойы бір рет емес, бірнеше рет құрылып, жұмыс жасаған аудан әкімдігі комиссиясының жұмысын қанағаттанарлықсыз екендігін айқындап, айшықтап, дәлелдеп айтып берді.
Бюро төрағасы Шухрат Нурахунов отырыстың күн тәртібіне сәйкес ауданның орталығында орын алып отырған заңсыз сауда-саттық алаңына байланысты ондаған жылдардан астам уақыт бойы ауыз толтырып айтарлықтай атқарылған жұмыстың жоқтығын баса айтып, баяндамаға сәйкес тиісті мекемелер мен құзырлы органдарды жеке-жеке жауаптың астына алды. Бірқатар мекемелердің тікелей басшыларының қатыса алмауына байланысты және Саяси Кеңес Бюро отырысынң қаулысына сәйкес тиісті органдарға Заң шеңберінде нақты жұмыстар атқарып, қорытындысын тыңдау үшін 1 ай уақыт тағайындап, тапсырмалар тізіліп берілді. Жылдар бойы жылжымаған жұмыстың жандануына себеп болған «Нұр Отан» партиясына және партия тарапынан құрылған комиссияға алғысын білдірді аудан басшысы.
Он жылдап оң нәтиже бермеген олқылықтың отыз күнде қандай қортындымен түзеліп кететіндігін ендігі Саяси Кеңес Бюросының отырысынан көре жатармыз. Егер осы айтылғандар орындалмаса, тиісті мекеме басшылары қатаң жазалануы күтіліп отыр. Бұл «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының нақты тапсырмасы. Жүйелі жұмыс пен жемісті нәтиже күтеміз!

Ақжол НҰРДӘУЛЕТ,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының
консультанты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТАҢНАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН

Шошанайлық ағайын мемлекет басшысы бастаған «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосты.…