Басты бет Әлеумет ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙ

0
1,379

Тауық жылы талай жетістіктерге толы болғандығы баршамызға мәлім. Мұнда ізгі істер мен қайырымды шаралар өз деңгейімен жалғасын тауып, ауданның атпал азаматтары игі жұмыстарын жандандырды. Осы орайда ит жылының ырысын, бақыты мен шаттығын негізге алып, жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандық әділет басқармасы мен ауданның сот орындаушылар аумақтық бөлімінің ұжымы көпбалалы отбасына сый-құрметтерін көрсетті. 

Шонжы ауылының тұрғыны Қайрат Құрманбаевтың шаңырағына арнайы ат басын бұрған аудандық әділет басқармасының басшысы Берік Иманбаев аталмыш отбасы мүшелеріне жылы лебізін жолдап, жаңа жылдық табыс, жетістіктер және ұл-қыздарының ел ертеңі болар азамат болып өсулерін тілеп, сыйлықтарын табыс етті. Сол сияқты ауданның сот орындаушылар аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Қайсар Оңғарбаев та өзінің ақжарма тілегін жолдап, ізгі ниетін білдірді. Жаңа жыл мерекесінде шаңырағы жылы лебіздерге толған Қайрат Құрманбаев отбасымен бірге алғысын айтып, ризашылық танытып жатты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» дегендей тек жақсылық жасауды алға қойған азаматтардың мұндай игі істері мұнымен ғана шектеліп қалмасы анық. Ендеше әрқайсысымызды ескі жылымыз есіркеп, жаңа жылымыз жарылқасын!

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…