Басты бет Әлеумет АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІ ОҚЫТУ ТРЕНИНГІНЕ ҚАТЫСТЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІ ОҚЫТУ ТРЕНИНГІНЕ ҚАТЫСТЫ

0
1,177

Бүгінгі күні республика аумағында Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау механизмін жетілдіру жобасы іске асырылуда. Қоғамдық ұйымдардың азаматтық қоғам мен мемлекеттік мекемелермен қалай жұмыс істейтінін талдау үшін тренингтер ұйымдастырылды. Осы тренинтардың бірі Талдықорған қаласында  «Халықты шешім қабылдау үдерісіне тарту құралдарын дамыту» тақырыбында өтті. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Eurasian expert Council» қоғамдық қорының президенті Лепсібаев Шыңғыс мәлімдеді.

Алматы облысында ҮЕҰ-ды дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Облыста 742 үкіметтік емес ұйым бар. Тренинг 2 бөлікке бөлінді. Бірінші жиынға  белсенді жастар, екіншісіне ҮЕҰ өкілдері қатысты. Ұйымдастырушының айтуынша, осындай тренингтардағы ақпараттар тәжірибеге де сүйеніп берілетіні айтылды.

« Қазір біз Талдықорғанда түрлі жаттығулар өткіземіз. Олар ҮЕҰ-ды оқытуға ғана емес, кері байланыс алу үшін де қажет. Яғни, мемлекеттің өңірлерге қалай көмектесе алатындығын анықтау және қоғамдық ұйымдармен өзара іскерлік жұмыстарды жақсарту», — деді тренинг ұйымдастырушысы Лепсібаев Шыңғыс

Сондай-ақ ҮЕҰ-ның жұмысы аймақтарда мұқият жүргізілетіні  жайлы да айтты.

Айта кетейік, республикада  29 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген, олар заң бойынша халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан осы тренингтерді  өңірлерде өткізу өте маңызды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…