Басты бет Спорт ШӨГЕН СПОРТЫ ШЕГЕЛЕНІП КЕЛЕДІ

ШӨГЕН СПОРТЫ ШЕГЕЛЕНІП КЕЛЕДІ

0
1,106

Алматы облысының Талғар ауданындағы Т.Рысқұлов ауылында бой көтерген  «Almaty horse and Polo club» кешенінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Отаным-тағдырым» жобасын жүзеге асыру мақсатында шөген спортынан Қазақстанның екінші біріншілігі өз мәресіне жетті.

Аргентина елінде пайда болған шөген спортынан Қазақстанның алғашқы біріншілігі 2016 жылы өткен болатын. Биылғы  екінші ел чемпионатында «Almaty polo club», «Astana polo club», Әулиеата шөген клубы, Ақмола облысының шөген федерациясы, Оңтүстік Қазақстан облысының шөген федерациясы және Аққия шөген клубтары бақ сынады. Үш күнге созылған турнирге Қазақстан шөген спорты федерациясының вице-президенті Сәрсен Құранбек, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы Алмат Үшкемпіров, Талғар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлім басшысы Аманжол Нұрманов қатысты.

«Бүгінде шөген спорты елімізде қарқынды дамып келеді. Қазақстанның бірнеше өңірлерінде федерациялар ашылып, жемісті қызмет атқарып келеді. «Almaty polo club» пен «Astana polo club» командалары халықаралық жарыстарда топ жарып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр», — деді құттықтау сөзінде Қазақстан шөген спорты федерациясының вице-президенті Сәрсен Құранбек.

Алғашқы біріншіліктің чемпионы Әулиеата командасы жартылай финалдық кездесуде алматылық спортшыларға есе жіберіп, үшінші орын үшін Ақмола облысының құрамасымен күш сынасты. Ал «Almaty polo» мен «Astana polo club» командалары финалда кездесті.  «Astana polo club» командасының капитаны төртінші кезеңге гол соғып, матчтағы есепке нүкте қойды.

Осылайша, «Astana polo club» командасы алматылық ұжымды жеңіп, шөген спортынан Қазақстанның чемпионы атанды. Қазақстан шөген федерациясының вице-президенті Сәрсен Құранбек чемпиондарға арнайы кубокты пен 1 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Жарыстың үздік ойыншысы болып «Almaty polo club» командасының капитаны Қуаныш Мұсабеков танылды.

Ал «үздік поло пони» болып Кэмиль Мамедовтың «Маусым» атты сәйгүлігі танылды.

Айта кетейік, 2012 жылы Өмірзақ Шөкеев мырзаның бастамасымен Қазақстан шөген федерациясының негізі қаланды. 2014 жылы федерация президенті болып Асылжан Мамытбеков мырза сайланды. Содан бері Федерацияның атқаратын жұмысының бірнеше бағыты айқындалып, елімізде полоны дамытудың негізгі алғышарттары жасалды. 2014 жылдың желтоқсан айында Қазақстан шөген федерациясы Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен Халықаралық поло федерациясының Бас Ассамблеясында мүшелікке қабылданды.

prosports.kz  сайтының  түпнұсқасынан дайындаған А.Айтбай.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ

   Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің спорт залында «Алматы облысының оқу-ағарту жән…