Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде «Ауылым — алтын қазынам» тақырыбында форум өтті. Форумның мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына қол жеткізу үшін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер», «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі географиясы» және т.б. бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал ету. Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін ұйымдастыру бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибені облыс аумағындағы елді мекендерге тарату және насихаттау.
Іс-шараға Алматы облысының әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғ.Сарыбаев, облыстық басқарма басшылары, ардагерлер кеңесі, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлім басшылары, аудан, қала, ауылдық округтердегі Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары және мүшелері, аналар кеңесі, этномәдени орталықтардың төрағалары, белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.
–Алдымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру міндеті тұр. Бұл міндеттер «Бес институционалды реформалардың» заңды жалғасы болады. Мысалы, Елбасы жариялаған бес институционалды реформаның басты бағыттарының бірі – мемлекеттік шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету. Сондықтан да, Қоғамдық келісім кеңестері — реформа аясында қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табу және талқылау алаңдары болып қала береді және мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірлейді, — деді Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай.
Форум аясында аудан, қала, ауылдық округҚоғамдық келісім кеңестері жұмысының «Ауылым — алтын қазынам» атты көрмесі ұйымдастырылды.
Қоғамдық келісім кеңестерінің «Ауылым — алтын қазынам» форумының жеңімпаздары Қазылар шешімі бойынша үшінші орын Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Текелі қаласы иеленді. Екінші орынды Іле, Ақсу аудандары алса, бірінші орын Еңбекшіқазақ ауданына бұйырды, ал бас жүлдені Қарасай ауданы жеңіп алды. Форум жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.