Басты бет Заң және қоғам ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИЗМ

ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИЗМ

0
979

Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, бұл жағдайлар ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста екені бәрімізге мәлім.

Терроризм –  әлемдік қоғамдастықтың қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірген күрделі, көпқырлы және аса жағымсыз саяси-әлеуметтік құбылыс. Бұл жөнінде  ауылдық округ аумағында  ел арасында, жастармен кездесулерде өткізілген түрлі тақырыптардағы форумдарда терроризмге тиісті халықаралық реакцияның оған қарсы күресудің халықаралық жүйесі талап етілетіндігі туралы бірнеше рет айтылды. Терроризмге қарсы тұру үшін бізге терроризмнің мәнін білуіміз  қажет.

Экстремизм – бұл қоғамдық-саяси жүйенің идеологиялық және институционалдық негіздерін жоққа шығаратын және заңды конституциялық тәртіпті тез арада күштеп өзгертуге шақыратын түбегейлі идеяларға негізделген саяси тәжірибе.

Өздеріңізге белгілі діни экстремизм мен радикализм – бұл жалпыға ортақ проблема Бұл проблемамен тек кейбір мемлекеттік органдар ғана жұмыс істейді деп айтуға болмайды. Әрбір мемлекеттік орган өзінің функционалдық ерекшеліктерінің негізінде өз үлесін қосуы қажет.

Қазіргі таңда, осы терроризм мен экстремизмнің көрінісі мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл әлемдік өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жастарымыз дәстүрлі емес діни ағымдардың қырларын білмегендіктен сол ұйымдарға бет бұрып барады. Жастардың діни көзқарасы әлі де өзекті мәселе болып табылады және жүйелі талдауды қажет етеді. Жастар – біздің мемлекетіміздің болашағы, ол бізден күнделікті қамқорлық пен тынымсыз ілтипатты болуда. Жастарымыздың адамзаттық болмыстағы, дін саласы сияқты нәзік саладағы құнды бағдарларын білу өте маңызды

Жалпы, дін саласында мемлекетімізде көп жұмыстар атқарылып жатыр. Мемлекетіміздегі діни ахуалдың тұрақталуы туралы негізгі бағаны беретін – халық. Осы кезеңде жұмыстың стратегиялық жолмен таңдалған бағыттарын жалғастыру, іс-тәжірибені біртіндеп жақсарту маңызды.

Бақытгүл АКАДИЕВА,

Шонжы ауылдық округінің бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды

«16 күндік белсенділік» атты  екі аптаға жалғасатын науқанның басты мақсаты- тұрмыстық  зо…