«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ 2023-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ АУДАН ӘКІМІ ЕЛЕУСІЗОВА БОТА СЕРІКҚЫЗЫНЫҢ ЕСЕБІ.
Бүгін 16-шы қараша күні аудан әкімі Елеусізова Бота Серікқызы сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша «AMANAT» партиясының мәжіліс залында есеп берді. Жиында депутаттық фракция жетекшілері, аудандық мекеме басшылары, бастауыш партия ұйым төрағаларымен Саяси Бюро мүшелері қатысты.
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» атты 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы 31 тармақтан тұратын жол картадан тұрады. Бүгінгі күнде көптеген жұмыстар атқарылып, нәтижесін халықта көруде.
2023 жылы Қуаттылығы 35,6 мың тонна «Прима құс» ЖШС бройлер бағытындағы құс фабрикасының жұмысы 9 ай ішінде жоғарғы көрсеткіштерге ие болып жұмыстарын оң нәтижеде көрсетуде.
Ұзындығы 79 км 8 ауылындағы ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша қазіргі күнде Кіші Дихан,Қырғызсай, Шарын, Бахар,Шонжы, Дардамты ауылдарының жолдарының жұмыстары жасалынуда.
Сонымен қатар аудандағы бірқатар жұмыстардың сайлауалды бағдарлама бойынша жүзеге асырылып жатқанын және жоспар бойынша жұмыстар жасалынатынын айтып өтті.
«AMANAT» партиясы аудандық филиалы алдағы уақыттада да халықпен бірге сайлауалды бағдарламаны орындауға өз үлестерін қосатын болады.