Басты бет Кәсіпкерлік Алматы облысына биыл «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 8.3 млрд теңге қаржы бөлінді.

Алматы облысына биыл «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 8.3 млрд теңге қаржы бөлінді.

0
369

Бүгінде «AMANAT» партиясы Алматы облыстық партия филиалының тікелей қадағалауымен аталған жобаны үйлестіру, тұрғындардың кәсіп ашуына қолдау көрсету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Несиелендірілген азаматтар ішінде мемлекеттік қолдау шараларының арқасында өз тігін цехын ашқан Ұйғыр ауданының тұрғыны Розигүл Садықова да бар. Ол 2,5 пайызбен 6 млн теңге несие алып, өндіріске арналған тігін машиналарын сатып алған.

💬 «2,5 миллион теңгеге көрпе тігетін машина сатып алдым. Ал қалған сомаға тағы екі аппарат алдым. Оның біреуі мата торлауға арналған торлағыш, екіншісі ауыр маталарға арналған тігін машинасы. Осы құрал-жабдық арқылы көліктер мен жиһаз, төсекорын тысын тігеміз», — дейді Розигүл Садықова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАМ КӨҢІЛДЕРГЕ КӨЛЕҢКЕ ТҮСІРМЕГЕН

Төрт мүшесі сау болса да кейде пенделер өмірдің ұсақ-түйек кедергілеріне тосқауыл қоя алма…