«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты.
Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.
Оқу бағдарламасы бойынша мынадай санаттағы азаматтар оқытылуда:
1. несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар;
2. дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар;
3. жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.
Аталған жоба аясында «Ауыл халқының қаржылық сауаттылығы бойынша құзіреттерді арттыру» оқу курсы Ұйғыр ауданында ағымдағы жылдың шілде айынан бастау алған болатын.
Алғашқылардың бірі болып, Сүмбе,Қырғызсай,Шонжы, Үлкен Ақсу,Шарын ауылдарын қамтып 500 ден аса тұрғындарды оқытуда
Жобаға қатысушылар өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады.
Оқу курсын аяқтаған ауыл тұрғындарына сертификаттарын табыс етті.