Басты бет Көкжиек ДАРЫНДЫЛАР ДАРАЛАНАДЫ

ДАРЫНДЫЛАР ДАРАЛАНАДЫ

0
108

Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайту мақсатындағы ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы биылғы жылы алғашқы рет өткізіліп отыр. Еліміздің ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануын айқындауды мақсат еткен олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатысуда. 20-30 қараша аралығында өтетін олимпиадаға Алматы облысынан 8684 оқушы тіркелген.

Аталмыш олимпиаданың ашылу салатанаты ауданымызда жоғары деңгейде өтті. Абай атындағы мектеп-гимназияда өткен олимпиаданың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бағбаев Қадыржан Исаханұлы, «Жас дарын» облыстық  дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының «Медиа сүйемелдеу» бөлімінің басшысы Қимадиев Нарық Қимадиұлы қатысты.

Құттықтау сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Исаханұлы «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады»,-деген ұлы ақын Абай атамыздың сөзі барлық уақытта да өз мәнін жойған емес. Мемлекетімізде дарынды оқушыларды, дарынды жастарды қолдау үнемі жүргізіліп отырады», – дей келе алғаш рет өтіп отырған олимпиаданың маңызын айтып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, мектепішілік олимпададан іріктеліп, аудандық кезеңге қатысып отырған оқушыларға сәттілік тіледі.

Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы  Өмірқан   Перизат  болса ауыл оқушыларының талантын тантытуға осындай зор мүмкіндік беріп отырған жандарға алғысын айтып, бұл олимпиада  өзі сынды жас дарындар үшін жаңа  бағыттар мен ізденістерге жол ашады  және  ауыл мектептерінің  білім сапасы дарынды мектептер сапасымен  теңесуіне   ықпал етеді  деген сенімін білдірді.

Ауыл олимпиадасында аудандағы 32 мектептен 513 дарынды оқушы өз қабілеттерін сынға салуда. Ал елімізде бұл сынға 90 мыңға жуық оқушы қатысуда. Байқау 3 кезеңнен тұрады. Ақтық сынға мыңға жуық бала іріктеледі. 9-11 сынып оқушылары 13 пән бойынша білімін сынайды. 3-ші кезең қорытындысы көктемде мәлім болады деп күтіліп отыр. Болашақта осы олимпиаданың негізінде ауыл мектептерінен шыққан республикалық олимпиада жеңімпаздарын арнайы дайындықтан өткізіп, олардың да халықаралық олимпиадаға қатысуға мүмкіндігін арттыруды көздеген министрліктің бұл бастамасы ауылдағы таланттар үшін таптырмас мүмкіндік болып отырғаны сөзсіз.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында жаңа инновациялық мектеп ашылды

2024 жылғы 6 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрі…