Басты бет Саясат САЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРПІЛІС

САЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРПІЛІС

0
681

Кез келген елдің қаражат қоржыны оның салық саласына тікелей қатысты екендігі айтпаса да түсінікті. Мемлекетке түсіп отыратын салықтың жоспары нақты орындалса, экономиканың да тұралап қалмай қарқынды жылжуына айтарлықтай септігін тигізеді деген сөз. Әр адам табысынан өзі өмір сүріп отырған мемлекетінің қаражат қоржынына теңізге тамызған тамшыдай болса да тиынын үлестіріп отыруы шарт. Бұл экономикалық заңдылық. Экономикалық және қаржылық заңдылықтың шеңберін бұзбай өз дәрежесінде дөңгелетіп отыруымз қажет. Осы әрекеттер мен қоғамдық қатынастарды толықтай жүзеге асырып отыратын мемлекеттік кірістер саласы еліміздің барлық өңірінде белсенді қызмет етіп отыр.

Ағымдағы жылдың күзінде мемлекет басшысының халыққа жолдаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауында еліміздің экономикасының жаңа бағыттарға түсіп, өзге арналармен алға жылжитындығын және сонымен қатар, осы ел экономикасына тікелей әсер ететін факторларға да бірқатар өзгерістер мен реформалар енгізілетіндігін ескертіп өткен болатын. Оның ең басты бөлігінің бірі әрине еліміздің кірістер саласы, яғни салық. Осы жолдауда Президентіміз  «Салықтық бақылау ісін толық цифрландырып, есептілік формаларын 30 пайызға қысқарту қажет. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің санын кемінде 20 пайызға азайту керек. Айтарлықтай түсім әкелмейтін төлемдерді толығымен алып тастап, қалғандарын біріктіруге болады», – деп айқындап өтті. Салық саласындағы том том құжаттар мен ұшы-қиыры жоқ формалар және толасыз есептердің жүйеленетіндігі әрине жұмыстың барынша оңтайлы жүруіне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар бюджетке төленетін міндетті төлемдердің 20 пайызға дейін қысқаруы, түсім әкелмейтін төлемдердің жойылуы жаңа Жолдаудан кейін салық саласына енгізілетін тың өзгерістердің бірі және ел экономикасына жанама және тікелей әсер ететін салықтың тетіктерін дұрыс басқару деп білемін.

«Бөлшек салықты енгізу мәселесі қажетті бастама болғанына көзіміз жетті. Осыны ескере отырып, Үкімет оны қолдану аясын екі есе кеңейтеді. Сондай-ақ үдемелі салық салуды енгізу жұмысын жеделдеткен жөн.

Салық саясатын қайта қарап, өзгерту үшін Үкімет пен Парламент батыл әрі жан-жақты ойластырылған шешімдер қабылдауы керек», – деп атап айтқан мемлекет басшысының нақты тапсырмаларынан кейін Парламентте жаңа заң жобалары немесе салық саясатына қатысты құқықтық құжаттар қайта қаралып, экономикамыздың оңтайлы бағытқа бас бұруына және мемлекеттік кірістердің заман талабына сай белсенді әрі нәтижелі жұмыс атқаруына нақты әрі ұтымды шешімдер қабылданады деп сенемін.

Әділетті Қазақстанның ұстанған экономикалық бағыты дұрыс арнаға түсті және жарқын келешекке қадам жасай бастады деген үміттемін. Еліміздің ертеңі әділ әрі ашық қоғамның қолында!

Нұртас ХАСЕНОВ,

аудандық салық комитетінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…