Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбекшіқазақ ауданының, Шелек ауылының №1 ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны тарапынан ақылы медициналық қызметтердің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес орындалу мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес «МедцентрДенсаулық» ЖШС-мен Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде қаралған бюджет қаражатын игеру мақсатында 2022 жылдың 8 (сегіз) айынакелісім шарттар жасалған.
Аудит нәтижесінде «МедцентрДенсаулық» ЖШС тарапынан қаржы бұзушылық деректері анықталды, атағанда, «МедцентрДенсаулық»ЖШС арқылы емделген және басқа медициналық қызмет алған азаматтарды емдеудекелісім шарт міндеттемелері толық орындалмағаны, яғни жалған құжат толтыру арқылы медициналық қызмет көрсетілгені туралы жазбалар және есептер жасалғаны анықталды.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 97-бабының 6-1- тармақшасы және ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 202-бабының 5,6,7-тармақтары талаптары және «Мекеме» және «Өнім беруші» арасында жасалған шарттарда көрсетілген міндеттемелері толық орындалмаса да, 5 566 440,87 теңгемөлшеріндегі сома ақылы медициналық қызметтері үшін аударылған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 298-бабына сәйкес «Мекеме» және «Мердігер» арасындағы жасалған 8 шарттың 15-тармақшасы талабына сәйкес, «Мердігер» тарапынан шарт міндеттемелерінің толық орындалмауына байланысты 6,6 мың теңге сомасындағы тұрақсыздық айыбы есептелді.
Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
***
Результаты аудита больницы в селе Шелек Енбекшиказахского района
Департаментом внутреннего государственного аудита по Алматинской области проведено аудиторское мероприятие в ГУ «Управление здравоохранения Алматинской области» по вопросу выполнения в соответствии с законодательством Республики Казахстан платных медицинских услуг, оказанных коммунальным государственным предприятием на праве хозяйственного ведения«Енбекшиказахская районная больница №1, села Шелек».
В соответствии с Кодексом Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» и Законом «Об обязательном социальном медицинском страховании», в целях оказания услуг в рамках системы обязательного медицинского страхованияи гарантированного объема бесплатной медицинской помощи,объектом государственного аудита были заключены договора с вышеуказанным КГП на ПХВ помесячно, на восемь месяцев 2022г.
Также, в процессе аудита выяснилось, что в нарушение подпункта 6-1 статьи 97 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и требований пункта 5,6,7 статьи 202, Кодекса РК «О здоровье народа и системе здравоохранения», сумма в размере 5 566 440,87 тенге перечислена за платные медицинские услуги, которые не были оказаны полностью в соответствии с заключенными договорами. Иначе говоря, в ходе проверки выявлены данные о финансовых нарушениях со стороны ТОО «МедцентрЗдоровье», а именно составлены записи и отчеты о том, что при лечении граждан, проходивших лечение и получивших иные медицинские услуги ТОО «МедцентрЗдоровье», медицинские услуги оказывались путем заполнения фальшивых документов.
Из вышесказанного следует, что в соответствии со статьей 298 Гражданского кодекса Республики Казахстан, в связи с неполным исполнением договорных обязательств КГП ПХВ «Енбекшиказахская районная больница №1, села Шелек» начислена неустойка в сумме 6,6 тыс. тенге.
Департамент внутреннего государственного аудита поАлматинской области