Басты бет Заң және қоғам ТАЛҒАР АУДАНЫНДАҒЫ АЯҚТАЛМАҒАН МЕКТЕП

ТАЛҒАР АУДАНЫНДАҒЫ АЯҚТАЛМАҒАН МЕКТЕП

0
327

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ-де «Алматы облысы Талғар ауданының Талғар қаласында 1200 орындық №25 орта мектептің құрылысы» объектісінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара жүргізілді.

«Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласындағы 1200 орындықты №25 орта мектеп құрылысы» нысанында атқарылған құрылыстық-монтаждау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін анықтау мақсатында қарап, тексеру (өлшеу) жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде жалпы сомасы 122 592,8 мың теңгеге бұзушылықтар, оның ішінде құны 76 209,6 мың теңгенің құрылыстық жұмыстардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі және құны 46 383,2 мың теңгенің сметаға сәйкес орындалмағанқұрылыс жұмыстары анықталды.

Аудиторлық іс-шарада Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі,  Бюджеттік атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидалары талаптарының бұзылу деректері анықталды, бұл бюджет кірісіне анықталған сомаларды өндіруге жататыны көрсетілді.

Сондай-ақ, бекітілген жобалық-сметалық құжаттарының талаптарына сай емес құны 76 209,6 мың теңгенің жұмыстары атқарылғандықтан Алматы облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментіне материалдары тиісті іс-шара қабылдау үшін жолданды.

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

*****

НЕДОСТРОЕННАЯ ШКОЛА В ТАЛГАРСКОМ РАЙОНЕ

Департаментом внутреннего государственного аудита по Алматинской области проведено аудиторское мероприятие в ГУ «Управление строительства Алматинской области» по вопросу использования бюджетных средств, выделенных на   строительство объекта «Строительство средней школы №25 на 1200 мест в г.Талгар,Талгарскогорайона,Алматинской области».

В ходе аудита, в целях установления соответствия выполненных строительно-монтажных работпо объекту «Строительство средней школы №25 на 1200 мест в г.Талгар, Талгарского района Алматинской области» проектно-сметной документации, произведен контрольный обмер (осмотр), по итогам которого, установлены нарушения в общей сумме 122 592,8 тыс. тенге, в том числе несоответствие выполненных работ установленным требованиям на сумму 76 209,6 тыс. тенге и невыполненные работы на сумму 46 383,2 тыс. тенге.

Таким образом, в процессе аудиторских процедур установлено нарушение Бюджетного кодекса РК и Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания, что влечет за собой возмещение выявленных сумм в доход бюджета.

Также стоит отметить, что для принятия соответствующих мер по не соответствующим работам, утвержденной проектно-сметной документации в сумме 76 209,6 тыс. тенге, материалы направлены в Управление государственного архитектурно-строительного контроля по Алматинской области.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекел…