Басты бет Балалар жылы Жерде бала қуанса, көкте періштелер…

Жерде бала қуанса, көкте періштелер…

0
111

Биыл балалар жылы деген атқа лайықты ауданда көптеген шаралар қолға алынды. Әрине келелі, қомақты дүниелер болмаса да балаларға бір сәт жақсылық сыйлап, олардың қуанған жүздерін көрудің өзі бір бақыт. Жақында ғана ауданымыздың брендіне айналған арасан шипалы суларында 151 бала тынығып қайтты. Оларға 3 мұғалім, 1 медбике, 1 учаскелік полиция бас ие болды. Балалардың аман-есен барып, жүріп-тұруларын қадағалады. «Улан», «Премиум Спа Резорт», «Аксу», «Изумруд», «Бастау», «Алма Парк» демалыс орындарының қожайындары демеушілік жасап, балалардың дәмді тамақ жеп, таза суға шомылуларына, әртүрлі сусындармен шөлдерін басуларына жағдай жасады. «Талғар» демалыс орны балалар үйінің 20 баласын қабылдауды жоспарлап отыр. Осы жақсы дәстүр жалғасын табатындығына шүбәміз жоқ.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрбан айттағы жақсы үрдіс

Жыл сайын барша мұсылман қауымының атап өтетін қайырымдылық пен жылулыққа, ізгілік пен ілт…