Басты бет Балалар жылы Құрбан айттағы жақсы үрдіс

Құрбан айттағы жақсы үрдіс

0
188

Жыл сайын барша мұсылман қауымының атап өтетін қайырымдылық пен жылулыққа, ізгілік пен ілтипатқа толы айтулы құрбан айт мерекесі бар. Асыл дінімізде дәріптелген діни дәстүр ғасырлар бойы халқымыздың қанына сіңіп, Ұлы дала төсіндегі ұлық мерекеге айналды. Құрбандық – үлкен тарих, ұлы ғибадат. Құрбан айт мерекесі тарихының тамыры сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар заманынан бастау алады. Ғасырлар бойы өткізіліп келе жатқан бұл ұлы күнде атқарылатын амалдардың ең ізгісі ол әрине қайырымдылық. Әрбір жағдайы жеткілікті әрі жолаушы болып сапарда жүрмеген мұсылманға құрбандық шалып, қайырымдылық жасау діни тұрғыдан алғанда уәжіп етілген. Сондықтан дәл осы күн туғанда барша мұсылман шама-шарқына қарай рұқсат етілген төрт түліктің бірін құрбандыққа шалып, шариғатқа сәйкес жағдайы төмен отбасыларға үлестіріп шығады. Бүгінгі күнде қолы ашық азаматтар құрбандықпен қоса түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, көптің көңілін көтеруді жақсы бір үрдіске айналдырып келеді.

Ауданымызда күні кеше ашылып, барша бүлдіршіндерді қуаныш пен нағыз балалық бақытқа бөлеп жүрген «Халиф» балалар орталығында ауданымыздың бірқатар кәсіпкерлері осы бір айтулы мерекеде бала атаулыны шынайы бақыт пен шаттыққа кенелтуді қолға алып, аудандық білім бөлімімен бірге қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ауданның аз қамтылған отбасылары және әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардың қатарынан 300 баланы аудандық білім бөлімі тарапынан ұйымдастырып, осы бір ұлық мерекеде «Халиф» балалар орталығы мен «Марал» дүкені, «Тантуни» дәмханасы, «Суши Шонжы» және «MPS» Шонжы әлеуметтік желі парақшасы мен басқа да 13 демеуші қаржы біріктіріп, аталмыш балалар ойын-сауық орталығына бүлдіршіндерді арнайы жинап, емін-еркін асыр салып ойнауларына мүмкіндік жасап берді. Сонымен қатар балалардың құрметіне мерекелік дастархан жайылып, тәтті дәм мен сый-сияпаттар жасалды. Ерекше қуанышқа бөленген бүлдіршіндер қасиетті құрбан айт күні осындай игі шаралар атқарылуы тиіс екендіктерін де естеріне жақсылап түйіп алды. Осының өзі өскелең ұрпаққа оңынан берілген тәрбие екендігі айқын. Баланың қуанғанын, шынайы риза жүзін көрудің өзі үлкен бақыт. Осындай жүректі жібітетін игі шаралар жағдайы бар жомарт азаматтардың арасында үлкен бір үрдіске айналып, бүлдіршіндер мен жасөспірімдер жоқшылық пен таршылық атаулыны көрмей, балалығын бақытты өткізсе екен деп тіледік.                                    Ақжол НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жерде бала қуанса, көкте періштелер…

Биыл балалар жылы деген атқа лайықты ауданда көптеген шаралар қолға алынды. Әрине келелі, …