Басты бет Әлеумет Көп балалы отбасылар үшін жәрдемақы проактивті түрде ресімделеді 16 мыңға жуық қазақстандық көп балалы отбасылар үшін тағайындалатын жәрдемақыны проактивті форматта алды.

Көп балалы отбасылар үшін жәрдемақы проактивті түрде ресімделеді 16 мыңға жуық қазақстандық көп балалы отбасылар үшін тағайындалатын жәрдемақыны проактивті форматта алды.

0
1,089

 Өткен жылдың мамыр айынан бастап әйелдерге төртінші немесе одан да кейінгі баланы туған кезде тағайындалатын көп балалы отбасылар жәрдемақысын алу үшін ХҚО-ға жүгіну міндетті емес, мемлекеттің өзі барлығын қашықтан SMS арқылы ресімдеуді ұсынады.
Бұдан бұрын аталған жәрдемақыны ресімдеу үшін ХҚО-ға барып, өтініш жазып, жеке куәлік, балалардың туу туралы куәліктері мен неке қию куәлігі сияқты құжаттарды ұсыну қажет еді, ал жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалатын.
«Отбасында төртінші немесе одан кейін тағы бала туылған жағдайда, проактивті түрде баланың туу туралы куәлігін, бала туу мен оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды ғана емес, көп балалы отбасылар үшін жәрдемақыны ресімдеуді ұсынатын SMS-хабарлама да жіберіледі. Мұнда клиенттің SMS-ке келісімі ғана керек. Қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. ХҚО-ға барудың қажеті жоқ», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
Көп балалы отбасылар үшін жәрдемақы 2020 жылдың басынан бастап төленеді. Төлемді төрт және одан да көп бала туған әйелдер ала алады.
Қазіргі уақытта бұл жәрдемақыны 487 мыңнан астам қазақстандық отбасы алады. Оның ішінде 63 437 әйел «Алтын алқа», 138 571 әйел «Күміс алқа» иегерлері.
2022 жылы көп балалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақы мөлшері:
4 балаға 49 100 теңге;
5 балаға 61 383 теңге;
6 балаға 73 666 теңге;
7 балаға 85 948 теңге;
8 балаға 98230 теңге;
Келесі әр балаға +4 АЕК.

Анықтама:
Қазақстанда 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа толғанға дейін күндізгі бөлімде оқитын бірге тұратын балалары барлар көп балалы отбасы болып саналады. 6 бала туған және тәрбиелеген көп балалы аналарға «Күміс алқа», ал 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелегендерге «Алтын алқа» беріледі.
1414 нөмірінен қызметтерді проактивті түрде рәсімдеуді ұсынатын sms-хабарламаларды алу үшін телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Егер әйел қандай да бір себептермен SMS арқылы қызмет ала алмаса, ол бұрынғыдай ХҚО-ға жүгіне алады.
Толық ақпаратты 1414 нөмірі бойынша білуге болады.
Пособие для многодетных семей оформляется проактивно
Почти 16 тысяч казахстанок получили пособия для многодетных семей в проактивном формате. С мая прошлого года женщинам при рождении четвертого или более ребенка больше не требуется обращаться в ЦОН за пособием для многодетных, государство само предлагает оформить все удаленно по SMS.
Ранее чтобы оформить данное пособие нужно было обращаться в ЦОН, собрав пакет документов – заявление по форме, удостоверение личности, свидетельства о рождении детей и документ о заключении брака. Пособие назначалось с даты подачи заявления.
«В случае рождения в семье четвертого и последующего ребенка женщина получает SMS-сообщение с предложением оформить не только свидетельство о рождении, пособия по рождению и уходу до года, но и пособие для многодетных семей. Все, что требуется – согласие клиента по SMS. Необходимые сведения подтягиваются из информационных систем госорганов. Идти в ЦОН не нужно», – говорит председатель правления госкорпорации «Правительство для граждан» Адил Кожихов.
Пособие для многодетных семей выплачивается с начала 2020 года.  Выплату могут получить женщины, которые ждут четвертого и последующего ребенка.
В настоящее время пособие получают более 487 тысяч казахстанских семей. Из них 63 437 женщин являются обладательницами подвески «Алтын алқа», 138 571 – «Күміс алқа».
В 2022 году размер пособия составляет:
49 100 тенге на 4 детей;
61 383 тенге на 5 детей;
73 666 тенге на 6 детей;
85 948 тенге на 7 детей;
98230 тенге на 8 детей;
+4 МРП на последующих детей.

Справочно:
В Казахстане многодетной считается семья, в которой совместно проживают 4 и более несовершеннолетних детей или студентов-очников до достижения ими 23 лет. Многодетным матерям, родившим и воспитавшим 6 детей, вручается подвеска «Күміс алқа», а те, кто родил и воспитал 7 и более детей, награждаются подвеской «Алтын алқа».
Для получения sms-сообщений от 1414 с предложением оформления услуг проактивно номер телефона должен быть зарегистрирован в базе мобильных граждан. В случае, если женщина по каким-то причинам не может получить услугу по SMS, она может, как и раньше, обратиться в ЦОН.
Подробности по номеру 1414.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…