Тәуелсіздік – еліміздің ең баға жетпес байлығы екені рас. Тәуелсіз дегеніміздің өзі әлемдегі құдіреті шексіз сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне үңілсек, ойланып қарасақ, ата-бабаларымыздың жылдар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған боздақтардың жас ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Еліміз еркін, азат елдің ұрпағымыз, яғни біз тәуелсіз елміз.
Еркіндіктің, тәуелсіздіктің қадір қасиетін білгеніміз жөн. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына де міне отыз жыл толып отыр.
Отыз жыл – ол аз уақыт емес, бір адамның жарты ғұмыры десекте болады. Осы 30 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, өзінің мәңгі ел екенін әлемге паш етті.
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздері мен мәдениеті мен салт-дәстүрі бар, тәуелсіз зайырлы елдің қатарына айналдық. Демек 1991 жылдың 16 желтоқсан күні қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан тәуелсіздігімізді алдық. Өсіп келе жатқан ұрпаққа тәуелсіздікке қалай жеткенімізді айтып жеткізу ол біздің парызымыз деп ойлаймын. 30 жылдығымыз, 30 жасымыз құтты болсын, Қазақ Елі!
Асел ҚОНЫСБАЕВА,
Абай атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі