Ұлы даладағы ұлы той

0
1,216

Екі ғасыр тоғысында тәуелсіздік таңы атты. Ұлы көш басталды. Бұл – жаңа белеске, жаңа кезеңге өту көші. Бүгінгі Қазақ елі – абыройы асып, мерейі үстем болған, бүкіл әлем көз тігіп отырған жас мемлекет. Дербес ел болғалы 30 жыл болды. Осы уақыт ішінде біз талай белестерді бағындырып, талай асулардан өттік. Қазақстан деген жас мемлекет дүниежүзілік аренада өз орнын тапты.

Тәуелсіздіктен артық, одан қымбат, одан киелі ұғым жоқ. Осы тәу етер жалғыз киемізге дақ түсірмей, қадірлеп өту – әр қазақстандықтың парызы. Біздің ұлы тарихи жолымыз бар. Біз бүгінде қуатты, егемен, еркін елде өмір сүріп жатырмыз. Сақтайтын, ардақтайтын дүниеміз, Тәуелсіздік деген ең қымбат құндылығымыз бар. Сондықтан біз қашанда алға, баянды болашаққа нық сеніммен қараймыз.

Тәуелсіздік бізге ұлт­тық, аймақтық және жаһан­дық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз тағдыр таңдауын қабыл алдық. Берекелі бірлігіміз бен­ еселі еңбегіміз арқылы тарих­ сынағынан сүрінбей өтіп келеміз. Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры бекітілді. Мәңгілік Ел болуға бет бұрдық. Ал бұл жолда білім ошақтарының орны маңызды. Осы тәуелсіздіктің арқасында өзім жұмыс істейтін мектепке ұлы Абайдың есімі берілді. Біз үшін зор қуаныш. Білімді шәкірт тәрбиелеуде білікті ұстаздардың рөлі басым. Ал ұлы данышпанның атын алған соң жауапкершілік те екі есе өсетіні рас. Сондықтан дәл бүгін мұғалімдер біліктіліктерін көтеріп, баланың ынта-жігерін аттыру жолында көп еңбектенулері керек. Ізденіп қана қоймай, заманауи бағдарламаларды меңгеріп, керуен көшінен кейін қалмау үшін тер төккенде болашағымыз жарқын болмақ. Тар жол тайғақты күндерді өткеріп, егеменді ел болғанымызға биыл міне 30 жыл толды. Бұл жылдар ішінде қазақ елі адам танымастай өзгерді. Бір ғана  ауданымыздың өзінде қаншама оңды өзгерістер орын алды. Жаңа ғимараттар бой көтеріп, шипалы арасан суларында жаңа демалыс орындары ашылып, ауданымыздың ажары ашыла түсті. Аудан орталығы да қаладан бір кем емес. Білім саласы  жаңа жаһандану дәуіріне қарай бейімделіп, жаңаша оқыту әдісіне көшті. Қазіргі балалардың қабілеттері өте жоғары. Интернетпен жұмыс істеу, заманауи технологияларды меңгерулері өте биік. Солардың талаптарын орындап, оларға тиісінше жауап беру үшін мұғалімнің сауаты жоғары, білімі биік болуы шарт. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Бүгінгі баланың қабілетіне ризамын. Олар көп нәрсені білгілері кеп тұрады.  Өрелері биік. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында қол жеткізе алмаған тұстарымызды осы ұрпақ өз биігіне шығарады деген сенімдемін. Өйткені олар – жаһандану дәуірінің балалары. Олардың беталыстары, ұстанған бағыттары дұрыс. Ұлы көшті жалғастырар ұлы даланың парасатты ұл-қызы атануына Алла жар болсын.

Айгерім АРЫМБЕКОВА,

Абай атындағы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ

Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…