Егемендік – киелі ұғым

0
924

«Елім» деп еңіреп, шыбын жанын шүберекке түйіп, сол замандардың сан алуан әділетсіздігіне, жаугершілігіне қарсы соғысып, қазағымның ел болып қалыптасуына үлкен үлесін қосқан сон боздақтардың, хан-билердің есімі ақиқаттың тарихынан белгілі. Олар ертеңін ойлап , болашаққа көз жүгірткен , тереңнен толғап, саяси сыр шерткен, аса көреген, белді хандарымыз-Абылай, Тәуке, Кенесарылар! Олар бостандық үшін қылыш сермеген, бірлік туын көкке көтеріп, желбіреткен ержүректі, наркескен, есіл ер батырларымыз-Қабанбай,,Наурызбай,Жәнібек,Райымбек,Баяндар. Олар тоқсан сөздің тобықтай түйінін түсірген, қара сөздің жілігін шағып, майын ішкен, қара қылды қақ жарып, әділдігін айтқан от ауыз, орақ тілді дана, дара кемеңгер. Баба билеріміз – Төле, Қазыбек, Әйтекелер! Олар ұлт-азаттық соғыстың басшылары, патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы шыққан шешен, ақын батырларымыз – Сырым, Махамбет, Исатай, Амангелділер.

Сан сындардан сүрініп өтіп,аяғынан нық тұрып, дамыған мемлекеттермен терезесі теңесіп, экономикасы ілгері дамыған елдердің алдыңғы қатардағы  Қазақстан. Елімізде әнұранымыз шарықтап, көк аспанымызда қыранымыз қалықтап, бірлікті ұран еткен бейбітшілік заманы.

Жанар САРСЕКОВА,

Ақтам орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ

Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…