Тәуелсіздік бар батырды сынаған,
Жазылады қаламнан да жыр-аман.
Дара тілдің қасиетін қастерлеп,
Айтқан екен Абайдайын ұлы адам.
Тіл кетпесе сақталынып мұрадан,
Өлеңімді қазағыма құрағам.
Тілім менен тәуелсіздік тұрғанда,
Шабыттанып өзімше бір жыр алам.
Көрші, қазақ, тәуелсіздік ғажабын,
Жырақтатсын Алла бізден азабын.
30 жылдық – 30 белес өмірде,
Тәуелсізбін деп марқаяд (ы) қазағым.
Қол жеткізсе арманым аңсағаным,
Маңдайымнан соғады тау самалым.
30 жылдық еркіндіктің бұл тойын,
Көппен бірге күтемін, қарсы аламын.
Биік ұстап бабалар аманатын,
Өшірмейік ежелгі қазақ атын.
Тәуелсіз ел қазақтың ұрпағымыз,
Тәуелсіздік алауын жаға алатын.
Тәуелсіздік азат етті ертеңді,
Тәуелсіздік түсірмейік еңсеңді.
Тәуелсіздік мәртебесін еншілеп,
Бостандықты алған сәтте ел сенді.
Тәуелсіздік ән мен жырым сайратқан,
Тәуелсіздік көрінеді байрақтан.
Тәуелсіздік жанын қиған Ләззат пен,
Тәуелсіздік сені іздеген Қайратта!!!
Тәуелсіздік – қасиетті киелім,
Тәуелсіздік сені мәңгі сүйемін.
Тұғырынан таймай тұрса көк туым,
Тәуелсіздік саған басты иемін.
Тәуелсіздік 30 жылың ғажайып,
Тілімізден кетпесін құт азайып.
Тіл ғұмырын өшірмесе бүгінде,
Тәуелсіздік өлеңіңді жазайық.
Тәуелсіздік өсе берсін өркендеп,
Тәуелсіздік жер сыйлады өлкең деп.
Тәуелсіздік абыройын түсірмей,
Ұрпақ жүрсін ел тарихын көркемдеп.
Тәуелсіздік, елім сені аңсаған,
Тәуелсіздік, менде саған тамсанам.
Тәуелсіздік, 30 жылдық тойыңды,
Ұмытпайды қазағымнан барша адам.
Тәуелсіздік көк туыммен тұрғасын,
Тәуелсіздік саған деген жыр басым.
Тәуелсіздік қатар келген өмірге.
Тәуелсіздік – менің де бір құрдасым!!!
Аян БАҒДАУЛЕТОВ