Тәуелсіздігіміздің жемісі

0
320

«Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деп Елбасымыз айтқандай, болашағына сенім артып, зор үмітпен қарайтын кез келген мемлекет жеткіншек ұрпағының сапалы білім алып, тәлім-тәрбиесі мол азамат болып өсуіне айрықша назар аударады. Дамыған 30 елдің қатарына енуді мақсат еткен Отанымыз жас ұрпақтың заманға сай білім алуы үшін білім саласына аса мән беріп, педагог мәртебесін көтеру мәселесіне көңіл бөлуде.

Ғаламторға үңілсек, елімізде бүгінгі күнде 1440 жалпы білім беретін мектеп бар екен. Оларда 3,4 млн бала білім алуда. Ұрпаққа сапалы білім беру жолында қызмет атқарып жатқан Добын орта мектебі де сол қатарда. Мектебімізде 32 мұғалім жұмыс істейді. Олар 104 оқушыға заман талабына сай тәлім-тәрбие беріп, қызығынан қиыншылығы мол кәсіптің жүгін арқалап, ел үшін еңбек етуде.

Аталмыш 32 мұғалімнің жиырма бесі курстан өткен, ұлағатты ұстаздар екенін мақтанышпен айта аламын. Ия, «Жаңартылған білім беру» бағдарламасы аясында өз білімімізді жетілдірдік. Бұл біліктілікті арттыру курсының мақсаты – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, Қазақстанның ұлттық білім жүйесіне арналған орта білім беру бағдарламасымен таныстыру болып табылады. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын.

Тәуелсіздік жылдары үш ауысымда жұмыс істейтін мектептер жойылып, аппаратты мектептер саны азайды. Мектептерді интернет желісіне қосуға бағытталған ауқымды жұмыс жүргізілді. Бұл күндері ғаламтор, ақылды технология сынды заман жаңалықтары  ауыл мектептеріне де келіп жетті. Осының бәрі тәуелсіздігіміздің жемісі, дамыған еліміздің жетістігі емес пе?!

Айта берсек, 2017 жылдан информатика, физика, химия және биология сынды жаратылыстану-математика циклындағы пәндер оқушылардың қалауымен және педагогтардың дайындығына байланысты ағылшын тілінде оқыта бастады. Тәуелсіздіктің 30 жылының ішінде 2 миллионнан астам мұғалім курстық дайындықтарда, конференцияларда, семинар мен вебинарларда біліктіліктерін арттырды. Орта білім ұйымдастыруда жұмыс істейтін педагог-магистрлардың саны артты. Педагог мамандығының мәртебесін арттыру үшін жүктеме 18-ден 16 сағатқа дейін қысқартылып, педагогтардың жалақысы 3 жыл арты-артынан 25% көбейді. Қорыта айтқанда, осының бәрі  елімізде білім саласының маңызды орында тұрғандығын дәлелдейді.

Мемлекеттің әр қадамы нәтижелі болу үшін әр азаматтың бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болуы керек.Сондықтан, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі едәуір жетістектерде қол жеткізді. Алдағы уақытта білім беру министрлік пен атқарушы органдар бұдан да жүйелі жұмыс атқаратынына сеніміміз мол.

Кларәм АЛАЕВА,

Добын орта  мектебі математика пәнінің мұғалімі

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ

Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…