Басты бет Әлеумет Отбасы банктің кепіл шартын ХҚО-ға бармай-ақ тіркеуге болады

Отбасы банктің кепіл шартын ХҚО-ға бармай-ақ тіркеуге болады

0
1,016

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігі, ҚР Әділет министрлігі және Отбасы банкімен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп, жеке тұлғаларға арналған жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу бойынша Мемлекеттік қызметке Blockchain технологиясын енгізді.
Енді ипотеканы ресімдейтін қазақстандықтар кепіл шартымен baspana.otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетінде таныса отырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады. Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығын мемлекеттік тіркеу туралы нәтиже хабарлама түрінде банк сайтындағы және eGov порталындағы жеке кабинеттерге келіп түседі.
Бұрын азаматтар кепіл шартын тіркеу үшін банктен құжат алып, оны ХҚО-ға апаруы тиіс болатын. Халыққа қызмет көрсету орталығында ол шарт тіркелген соң, клиент ауыртпалық туралы анықтаманы алып, тіркелген шартпен бірге оны банкке ұсынатын. Енді Blockchain технологиясының арқасында бұл процесс автоматтандырылды. Банк пен ХҚО арасында жүрудің қажеті болмайды, қажетті құжаттарды банк ХҚО-ға өзі жібереді
Жылжымайтын мүлік кепіл шартын онлайн тіркеу қызметін автоматтандыру – банк клиенттеріне бұл процесті 3 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Отбасы банк тарапынан жылжымайтын мүлік кепілінің шарттарына қол қоюға және тексеруге жұмсалатын операциялық шығындар да қысқарады.
Отбасы банкінде Blockchain қолдану арқылы кепілді онлайн тіркеу мүмкіндігі екі апта бұрын қосылды. Қажет болатыны – тек электрондық цифрлық қолтаңба.
Blockchain жүйесі – бұл деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігін толығымен жоққа шығаратын жеке-жеке блоктардан тұратын тізбек жүйесі. Бұл жолданатын деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Азаматтарға арналған үкімет аталған инфрақұрылымды барлық банкке ұсынуға әзір. Қазір бірнеше банк тарапынан осы жобаға қосылу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Зарегистрировать договор залога Отбасы банк можно без похода в ЦОН
Госкорпорация «Правительство для граждан» совместно с Министерством цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК, Министерством юстиции РК и Отбасы банком (дочерняя организация холдинга «Байтерек») внедрили технологию Blockchain в госуслугу по регистрации договора залога недвижимости для физических лиц.

Теперь казахстанцы, оформляющие ипотеку, могут ознакомиться с договором залога в личном кабинете на портале baspana.otbasybank.kz и подписать его с помощью ЭЦП. Готовый результат в виде уведомления о государственной регистрации обременения прав на недвижимое имущество придет им туда же и в личный кабинете на портале eGov.
Раньше человек при регистрации договора залога должен был взять документ в банке и отнести ее в ЦОН. В Центре обслуживания населения договор регистрировали, после чего клиент брал справку об обременении и предоставлял ее в банк вместе с зарегистрированным договором. Теперь благодаря технологии Blockchain этот процесс автоматизирован, человеку не нужно ходить между банком и ЦОНом, банк сам отправит необходимые документы в ЦОН
Автоматизация услуги по онлайн-регистрации договора залога недвижимости позволит клиентам банка сократить этот процесс с 3 дней до 1 дня. А со стороны Отбасы банка будет еще и сокращение операционных расходов на подписание и проверку договоров залога недвижимости.
Онлайн-регистрация залога с применением Blockchain в Отбасы банке стартовала две недели назад. Все что нужно – это электронная цифровая подпись.
Система Blockchain является технически выстроенной цепочкой блоков, которая полностью исключает возможность передачи данных третьим лицам. Это позволяет обеспечить полную надежность и безопасность передаваемых данных.
Правительство для граждан готово предоставить данную инфраструктуру для всех банков. Сейчас ведутся работы на стороне нескольких банков по подключению к данному проекту.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…