Басты бет Әлеумет Қазақстан – электронды мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша көшбасшы

Қазақстан – электронды мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша көшбасшы

0
1,575

Бұл
туралы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы барысында Tech Farm
басқарушы серіктесі Аман Тентиев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қырғызстанның электронды
мемлекеттік қызметтердің дам
уын қамтитын
цифрландыру бағдарламасы 2017 жылы іске қосылды, ал Қазақстанда
ғы электрондық
үкімет қызметі
13 жылдан бері жұмыс істеп
келеді.

«Қазақстан –
өңірдегі электронды мемлекеттік қызметтерді дамытудағы көшбасшы ел. Азаматтар онлайн тіркеліп, интернет арқылы кәсіпкерлік аша алады. Білуімше, бұл – елдеріңізде
бес-алты жыл бұрын енгізілген қызмет. Қазақстан бұл бағытқа қомақты инвестиция
жұмсаған, сәйкесінше нәтижесін көріп келеді», – дейді Тентиев.

Сонымен
қатар Тентиев танымал мэссенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік
қызметтерді алу жолдарына жоғары баға берді. «Әзірге Қырғызстанда барлығы мемлекеттік
қызметтер порталына цифрлық қолтаңбамен кіру арқылы жүзеге асып жатыр. Болашақта
біз де Қазақстанның тәжірибесін ескеріп, қызметтерді әлеуметтік желілер арқылы
көрсетуді жоспарлап отырмыз», – деп толықтырды ол.

Сарапшының
пікірінше, азаматтарға цифрлық қызметтерді пайдалануды үйрету көп ұзамай өз
жемісін береді: «Барлық адам мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі оңай алғысы келеді.
Ешкім де ХҚО-ға қызметтерді алу үшін арнайы барғысы келмейді, сондықтан
телеграм боттары мен мобильді қосымшалар сияқты қызметтерді алудың балама
әдістері дамиды».

Еске сала
кетейік, өткен аптада Нұр Сұлтанда Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы
өткізілді. Оған әр түрлі елдерден IT-шешімдер, цифрлық технологиялар және т.б.
сала сарапшылары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…