Басты бет Өңір тынысы БАҒДАРЫМЫЗ АЙҚЫН, ЖҰМЫСЫМЫЗ ЖҮЙЕЛІ

БАҒДАРЫМЫЗ АЙҚЫН, ЖҰМЫСЫМЫЗ ЖҮЙЕЛІ

0
1,036

«Нұр Отан» партиясы – қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отыр. Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында «Нұр Отан» партиясына басымдық беріп, қоғам тынысындағы қайбір мәселе болмасын партияның араласуына жол ашып келеді.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жыл басынан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатын жүзеге асыру барысында бірқатар жұмыстарды атқарды. Атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясының республикалық желілік кестесіне сәйкес және желілік кестеден тыс партиялық жобаларды, Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуін, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында және тағы да басқа партияның аудандық филиалы жетекшілігімен қаңтар-қыркүйек айларында 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды.
Елбасы тапсырмаларын орындау барысында ұйымдастырылған шаралардың 25-cі аудандық, облыстық газет беттерінде, 3 материал партия сайтында, 2 сюжет Жетісу» телеарнасында, «Фейсбук», «Инстаграмм», «Вконтакте» әлеуметтік желілерінде 135-ке жуық материал жарық көрді. Сол сияқты партияның жаңадан енгізілген 22 жобасын IT сынып және коворкинг орталығы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Нақтырақ айтқанда, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 1 маусымында Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес партия қызметін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда партиялық 22 жоба қолға алынып, олар тиімді жүзеге асырылуда. Нәтижесінде №4 Шонжы орта мектебінен IT-сынып ашылып, жұмысын жүргізуде. Қазақстанның кітапханалары жобасы бойынша аудандық орталық кітапханада KOWORKING (коворкинг) орталығы ашылды. Орталық жастардың бірлесіп жұмыс жасауына, онлайн режимде кітап оқуға зор мүмкіндік беріп отыр. Аталмыш орталықта әлеуметтік жобалар аясында жастар үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, шығармашылықпен айналысуға, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларды жүзеге асыруға оң әсерін тигізуде. Сонымен қатар орталықта жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, тегін WI-FI желісі, кітап қоры қойылған. Бүгінгі таңда орталықта жүйелі түрде шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік желі, аудандық газет беттерінде жарық көруде.
Аудандағы азаматтарды жеке мәселелері бойынша да «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында аудандағы бөлім, мекеме басшыларының қатысуымен қоғамдық қабылдаулар да желілік кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Мұнда тұрғындар басты мәселелерінің түйінін тарқатып, оң шешімдерін тауып отыр десек қателеспейміз. Жыл басынан бері қоғамдық қабылдау бөлмесінде 135 қабылдау өтті. Мұнда түрлі мәселелер бойынша 203 азамат ауызша, 5 азамат жазбаша өтініш білдірсе, олардың 74-і оңтайлы шешімін тауып, қалған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Облыстық мәслихат депутаты Ы.Бектұрсыновқа партия сайты арқылы 14 сауал түсіп, барлығына өз мерзімінде жауап беріліп, базаға тіркелді. Сол сияқты жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы аудандық әділет басқармасымен бірлесіп төрт рет «Әділет кеңес береді», аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірге қаңтар, сәуір, тамыз айларында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту» атты бірыңғай қабылдаулар өткізді. Бұлардың барлығы аудандық газет беттерінде жарық көріп, барлығы 6 мақала жарияланса, әлеуметтік желілерде 50-ге жуық материал салынды.
Біздің басты міндетіміз – Елбасының тапсырмаларына сәйкес мемлекеттік бағдарламалардың уақтылы орындалуын қадағалап, халықтың басты мәселелерін шешу. Осы негізде алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар жүргізіп, Елбасының салиқалы саясатын жүзеге асырамыз.

СУМБАТ ТУГЛУКОВА,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының сарапшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫР САҚТАҒАН САРЫТОҒАЙ

Адамзатпенбіргежасасыпкележатқанбірдүниеболса, ол – тарих. Тарих – өткеніңді бағамдатар, с…