Басты бет Нұр-Сұлтан - Ұлы дала Елордасы АЙБЫНДЫ ЖАСТАР — ЕЛ АБЫРОЙЫ

АЙБЫНДЫ ЖАСТАР — ЕЛ АБЫРОЙЫ

0
1,564

Сәулеті мен салтанаты жарасып, Арқа төсінен бой көтерген, Тәуелсіздіктің тұғыры, азаттықтың айшықты нышаны болған бас қаламыз Астананың 20 жылдық мерейлі мерекесіне орай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Астана – Ұлы дала елордасы» атты аудандық айбын патриоттық жиыны №2534 әскери бөлімінің оқу-жаттығу алаңында өтті. Бұған аудан әкімдігі аппараты, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Нұров, облыстық білім басқармасы тәрбие бөлімінің басшысы А.Үшкемпірова, №2534 әскери бөлім басшылығы мен генерал-майор Марат Мажитов, облыстық әскери бөлім қызметінің ардагерлері, Кербұлақ, Талдықорған, Панфилов, Райымбек аудандарындағы білім бөлімінің бас мамандары, аудандық «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнет Керімқұлов және мектеп оқушылары қатысты.
Патриоттық жиын басталмас бұрын сахна төріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы кіргізілді. Сонан соң алғаш сөз кезегін алып, оқушыларға сәттілік тілеген аудан әкімінің орынбасары Алимжан Хусуров егемен еліміздің абыройы мен Елбасымыздың салиқалы саясаты жайында сөз қозғап, Елорданың 20 жылдығымен барша жиынға қатысушыларды құттықтады. Сол сияқты ақжарма тілегін білдірген генерал-майор Марат Мажитов ел шекарасын қорғау абыройлы міндет екендігін айтып, осы жолда аянбай тер төгіп жүрген әскери қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалап, бүгінгі өскелең ұрпақтардың Отанына адал қызмет ететіндіктеріне сенім білдіріп, патриоттық жиынға қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. 2534 әскери бөлім қызметкерлерінің дайындаған жаттығулары мен әскери көрмелері көпшіліктің көңілінен шықты. Ал саптық шеру, көрме (модель-ұшақтар, кемелер, әскери техника, қолдан жасалған), кермеге тартылу, қолды түзеу және жинау, еденнен жатып орындау, қашықтыққа жүгіру, газтұмылдырықты және жалпы әскери толым кию сияқты ережелер бойынша сынға түскен оқушылар өздерін спортқа жақын екендіктерін дәлелдеп жатты. Осылайша шара соңында белсенділік танытқан оқушылар білім бөлімінің мақтау қағазымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Думан САРТБАЕВ 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарыарқа сардарының мерейлі мерекесі

Алтай мен Атыраудың, Ертіс пен Еділдің арасындағы қазақтың байтақ даласының төсінен орын т…