Басты бет Рухани жаңғыру ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ…

ТАЗА БОЛСА ТАБИҒАТ…

0
2,522

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасына орай №5 Шонжы орта мектебінің ұйымдастыруымен Шарын Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінде «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деген тақырыпта эколог мамандармен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа экологиялық мәдинетті қалыптастырып, туған жерінің табиғатын қорғауға, жанашырлық көрсетуге, көркейтуге баулу.

Мектеп оқушылары ең алдымен табиғат-анаға деген қамқорлықтарын шағын көріністері арқылы көрсетті. Одан кейін туған жер, табиғат, Отан туралы жыр жолдарын мәнерлете орындап, өздерінің зерттеу жұмыстарын ортаға салды. Жер жаннаты Жетісу өлкесінде орналасқан ауданымыздың байлығын бейнеролик арқылы көрсетіп, Шарын шатқалы, Ерен тоғай, Арасан сияқты таңғажайып жерлерге анықтама беріп өтті. Сондай-ақ экологиялық апатты жағдайда тұрған ауданымыздың кейбір бөліктерінің суреттерін көрсетіп, қоршаған ортаның ластанып жатқандығын оқушылар жағы ашына айтты. Болашақта мұндай жағдайды болдырмау үшін туған жерінің азаматтары ретінде тал егіп, абаттандыру жұмыстарына сүбелі үлес қосамыз деген сенім білдірді. Сол сияқты №5 Шонжы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гулстан Тохтасунова, эколог пән бірлестік мұғалімдері А.Тельманова, Г.Айсарова, Қ.Азиевтер табиғат-ананы аялау жайындағы өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Шарын Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің директоры Елнұр Ахметов 23 ақпан ұлттық парктің туған күні екендігін ескере келе, дәл осындай айтулы датада табиғатқа жанашырлық танытып жатқан оқушылар мен мектеп мұғалімдеріне алғысын білдірді. Сонан соң ұлттық парктің атқаратын жұмыстарына тоқталып, Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енген жануарлар мен өсімдіктердің бірқатарын атады. Ал аталмыш мекеменің экологиялық ағарту маманы Айдана Батырханова бүгінгі таңда ғаламдық экологиялық күрделі мәселелердің жетерлік екендігін айтып, соған кішкентай болса да әр азамат өз үлесін қосса, зор жетістікке жететіндігі турасында өз ойын білдірді. Кездесу барысы одан ары қарай Шарын Мемлекеттік Ұлттық  табиғи паркінің көрмесін тамашалаумен жалғасты. Бұл жерде оқушылар ерекше қорғалатын табиғи аумақтың картасымен танысып, мекендейтін жан-жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін көзбен көрді. Қызығушылық танытқан оқушылар эколог мамандарға түрлі сауалдарын жолдап, қанағаттанарлық жауаптарын да алды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…