Басты бет Өңір тынысы АУЫЗ СУ – АУЫЛДЫҢ МҰҢЫ

АУЫЗ СУ – АУЫЛДЫҢ МҰҢЫ

0
1,723

Елбасы қай кезде болмасын ауылшаруашылығын дамыту мәселесін басты орынға қойып келеді. Сондықтан елімізде түрлі бағдарламалар қолға алынып, асыл тұқымды мал басын, бау-бақша көлемін арттыру, таза әрі табиғи өнім өндіру мақсатында жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. 2017 жылы Үлкен Ақсу ауылдық округінде шаруа қожалықтары 31 га көлемінде бақ отырғызған. Бүгінде 52,4 га абрикос, 65,7 га алма бақтары бар. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аваков» шаруа қожалығы 3 млн. 300 теңге, жеке кәсіпкер Т.Рахметов 2 млн. 700 мың теңге, «Ашири» шаруа қожалығы 5 млн. 40 мың теңге несие алып, мал бастарын арттырған.

Елбасы: «Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек» деген болатын өзінің биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында. Осы мақсатта бүгінгі күнде ауылдық округ бойынша «Эмгек», «Асан Үсен», «Ильзат» кооперативтері құрылу үстінде. Бұл жетістіктер Үлкен Ақсу ауылында өткен әкімдердің есепті кездесулерінде айтылды. Әуелі сөз алған ауылдық округ әкімі Пархат Мурдинов өткен жылы атқарылған жұмыстарды жіпке тізді.
Сонан соң бірқатар кемшіліктерді айтып өтті. Атап айтсақ, Үлкен Ақсу ауылының оңтүстік жағында орналасқан су қоймасының ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеу көрмегені ауылға су жеткізу мәселесін қиындатып отыр. Нәтижесінде ұзақ жылдар бойы ауыл тұрғындары сапалы ауз суға жарымай отырған жайы бар. Бұл мәселе осыған дейін де көтерілді. Ауыл тұрғындарының қол күшімен біршама жұмыстар атқарылғандай болды. Бірақ бұл мәселенің түбегейлі шешілуіне мүмкіндік бермеуде. Сондай-ақ, аталмыш округке қарасты Канал учаскесіндегі ауыз су жайы да тұрғындарды алаңдатуда. 34 ауладағы бар тұрғынды қамтып отырған ұңғымадағы судың жылдан-жылға азаюы онсыз да елді мекен мәртебесіне, қосалқы шаруашылық жүргізуге жер телімдеріне қол жеткізе алмай, медициналық пункт, білім, пошта мекемелері жоқ тұрғындар үшін жығылған үстіне жұдырық болуда. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында округке қарасты Кіші Ақсу ауылына жаңа су құбырын тарту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындау мәселесі қолға алынғанымен, егістіктерді суғару жайы әлі де күн тәртібінен түскен емес. Өйткені су реттегіш қондырғылары істен шыққан. Бұл жағдай Долайты ауылында да проблема болып отыр. Кіші Ақсу, Долайты ауылдарындағы фельдшерлік пунктер күрделі жөндеуді қажет етсе, Үлкен Ақсу ауылына жаңа дәрігерлік емхана керек-ақ. Мәдениет ошақтарының да оңып тұрғаны шамалы. Үлкен Ақсу ауылдық мәдениет үйі, Долайты ауылдық клубы апатты жағдайда болғандықтан сот шешімімен жабылған. Міне, осындай олқы тұстар да есеп барысында айтылды. Мінбеге көтерілген аудан әкімі Шухрат Нурахунов та халық алдында өз есебін берген соң бұл мәселелердің барлығынан қанық екенін айта келе, алдағы уақытта аталмыш проблемаларды шешу мақсатында жұмыс жүргізілетінін ескертті. Әрине, бар мәселе бір күнде шешімін таппайды. Оған қыруар қаражат пен ауқымды жұмыс істелуі қажет.
Ауыл тұрғындары атынан сөзге шыққан Үлкен ақсу ауылының жігітбасы Махмутжан Исмаилов, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шавдун Супиев, Кіші Ақсу ауылының жігітбасы Адылжан Сәбитов және «Сәби-нұр» балабақшасының меңгерушісі Арзигуль Мардановалар да ауылдағы ауыз су, ауылдық клубтар, емхана, жол, түнгі жарық, ауылшаруашылығы техникаларын алу мәселелерін көлденең тартты. Аудан әкімі әр сауалға заң жүзінде нақты жауап қатты. Ауылшаруашылығы техникаларын алу үшін жеңілдетілген несиелердің қарастырылғанын, оған құжаттар жөндеуге арнайы орындардың қолғабыс ететіндігін, ауыз су, мәдениет ошақтарын жөнге келтіруді облыс басшылары алдына мәселе етіп қойып отырғанын, дәрігерлік амбулаторияның бірер жылда салынатынын екшеп түсіндірді. Қос әкімнің есебіне ауыл тұрғындары тарапынан қанағаттанарлық деген баға берілді. ,

А.ҚАБИ

  • Кемеңгер

    «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі ж…
  • Алаштың абыройы артатын шақ

    Айлардың алмасып, жылдардың жылжуы заңдылық. Міне, 2019 жылдың да табалдырығын аттадық. Ел…
  • ДАЛАМЫЗДЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!

    Осыдан бірнеше ай бұрын ұлттық арналарда қазақстандық «Тасөткел» телехикаясының тұсаукесер…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫР САҚТАҒАН САРЫТОҒАЙ

Адамзатпенбіргежасасыпкележатқанбірдүниеболса, ол – тарих. Тарих – өткеніңді бағамдатар, с…