Басты бет Заң және қоғам ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ – ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ – ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

0
17

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Әділетті Қазақстан құру жолындағы басты міндеттердің бірі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Өйткені елдің әрбір азаматы өз өмірі мен денсаулығы, табысы мен мүлкінің қауіпсіз екенін сезінуге тиіс. Бұл маңызды міндет еліміздегі ең ірі құқық қорғау органы – Ішкі істер министрлігіне жүктелген. Қоғам қауіпсіздігі – кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізгі тіректерінің бірі. Бұл ұғым азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тыныш әрі бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар ел ішіндегі діни, мәдени және идеологиялық тепе- есулер өткізу, тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда бет-жүзді тану жүйелері қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілі болып отыр. Мұндай технологиялар қауіп төнген кезде ғана емес, күнделікті өмірде де құқықбұзушылықтың алдын алуға сеп болады. Ал адамның тұлғасын анықтауға кедергі келтіретін киім түрлері құқық қорғау органдарының жұмысын қиындатып, қауіп-қатерді арттыра түседі. Сондықтан қазір бетін тұмшалаған, хиджап жамылған адамдар біздің қоғамға жат әрекет ретінде танылды. Тіпті кейде мектеп жасындағы оқушы қыздардың ұзын көйлек пен орамалмен тұмшаланып бара жатқанын көзіміз шалып қалады. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Бізде ислам дінін ұстанатындардың басқаға жол берілмейді. Діни тұрақтылықты сақтау және деструктивті діни ағымдардың алдын алу үшін осындай киімдерімен ерекшеленіп жүретіндердің жолын кесуіміз керек. Арнайы органдардың жұмысы десек те әрқайсысымыз азаматтық ұстанымымызды танытып, өзгеше, біздің салт-дәстүрге қайшы келетін киіммен және басқа ағымның жетегінде жүргендермен әңгімелескеніміз абзал. Әлеуметтік желілердің кесірі дейміз бе, түрлі радикалды ағымның идеологиясы жастар арасында таралып жатыр. Мектеп оқушыларына да әсері басым. Олар көбіне дәстүрлі исламды жоққа шығарып, қоғамға жат көзқарастарды енгізуге тырысады. Мұндай ағымдар тек діни емес, сонымен қатар әлеуметтік және ұлттық бірлікке де қауіп төндіреді. Бұл жағдай ұлттық қауіпсіздікке де әсер етері даусыз. Саналарын басқа түсінікпен улап, болашақ иелерінің қоғам қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп жатқандығына жол берілмеуі тиіс.

Қазақ халқы ғасырлар бойы ислам дінін өзінің салт-дәстүрімен, тұрмыс-тіршілігімен сабақтастырып ұстанып келді. Бұл – ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі негізіндегі дәстүрлі ислам жолы. Аталған бағыт бейбітшілік пен төзімділікті, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттілікті дәріптейді. Дәстүрлі ислам – қазақы болмыспен толық үйлескен, дін мен дәстүрді қатар ұстануға мүмкіндік беретін жүйе. Бұған қарсы бүлдіргі ағымдар қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымын жоққа шығарып, салт-дәстүрімізді бидғат деп есептейді. Олар жастарды отбасынан, қоғамнан, ата-баба аманатынан алыстатуға тырысады. Мұндай идеология – ұлттық тұтастыққа қарсы әрекет. Сондықтан қоғамымызда дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау – бүгінгінің басты міндеттерінің бірі.

Қазақтың ұлттық дүниетанымы мен салт-дәстүрі – қоғамның рухани тірегі. Тіл, музыка, ұлттық киім, отбасылық тәрбие, жеті ата ұғымы – мұның барлығы қоғам ішіндегі тұрақтылық пен бірлікті нығайтады. Деструктивті діни ағымдар осы рухани өзекті жоюға ұмтылады. Сондықтан ұлттық құндылықтар мен дәстүрді сақтау – мәдениетті қорғау емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың тиімді тетігі.

Мемлекет тарапынан ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарға негізделген идеологиялық саясаттың жүргізілуі – өте орынды әрі уақыт талабы. Өйткені отансүйгіш, мәдениет пен дінді қатар ұстанатын азаматтар – қоғам қауіпсіздігінің басты тірегі. Көшеде бетін тұмшалаған немесе сақалдары қауғадай, шолақ балақты шалбар киген жастарды көргенде жүрегің дір ете қалады. Неліктен осындай жолды таңдады? – деген сұрақ кесе-көлденең тұрып алады. Қаржы төлеп немесе тұрмыс жағдайын жақсартып береміз деген уәдеге малданып, алданып жүр ме? Қоғамдық қауіпсіздікті дәл өзіміздің жанымызда жүрген осындай адамдардан сақтандырып барып қалыптастырсақ. Дәстүрлі ислам мен қазақы салт-сананы ұштастыра отырып, біз бірлік пен бейбітшілікті сақтауымыз қажет. Себебі қауіпсіз қоғам – жарқын болашақтың негізі.

Аманбике ЖАНЫСБАЙҚЫЗЫ

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметшінің әдебі – елге қызмет етудің негізі

Мемлекеттік қызметші – халықпен тікелей жұмыс істейтін адам. Сондықтан оның қызметтік мінд…