
Шарын ауылдық округінің мәдениет үйінде «Берік шаңырақ – баянды болашақ» атты тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. Отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған жиынға ауыл тұрғындары, ардагерлер мен жастар белсене қатысты. Шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер кеңінен насихатталды. Қатысушылар отбасы бірлігі мен татулықтың қоғамдағы маңызы жөнінде өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, іс-шара аясында қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, жергілікті шеберлердің туындылары көрермен назарына ұсынылдыМазмұнды өткен шара ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған игі бастама ретінде жоғары бағаланды.
