Басты бет Ата Заң Коалиция өкілдері Ж.Құдайбергенов атныдағы орта мектеп ұжымымен жүздесті

Коалиция өкілдері Ж.Құдайбергенов атныдағы орта мектеп ұжымымен жүздесті

0
20

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Шонжы ауылындағы Ж.Құдайбергенов атындағы педагогикалық ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының саяси реформаларын таныстырды.

Кездесуде болашақ бір палаталы Құрылтайдың толық құрамы пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастырылатыны және заң шығару билігі толығымен сайланған депутаттардың құзыретінде болатыны айтылды.

«Бір палаталы Құрылтай – бұл жай атау өзгерісі емес. Бұл – заң шығару үдерісін барынша ашық әрі түсінікті етуге бағытталған құрылымдық реформа. 145 депутат толықтай сайлау арқылы қалыптасады. Президент депутаттарды тағайындау құқығынан айырылады. Бұл заң шығарушы органның тәуелсіздігін күшейтіп, саяси жауапкершілікті нақтылайды», – деді коалиция мүшесі Берікбай Тұрлыбекұлы.

Кездесу барысында ұстаздар сұрақ қойып, жан-жақты жауап алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Бахар ауылында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бахар ауылында тұрғындармен «Адам құқықтары мен бостандықтары: Конституцияның жаңа редакци…