Басты бет Әр қилы КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

0
48

Аудандық ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысына әр округтегі ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты. Жиынның тізгінін өз қолына алған қоғамдық келісім даму орталығы аудандық бөлімінің басшысы Асқар Құсайынов амандық-саулық сұрасқан соң, күн тәртібімен таныстырды.

Әрине кез келген жиын ең алдымен ел ішіндегі тұрақтылық, тыныштық, береке, аудандағы жаңалықтардан бастау алары заңдылық. Бұл жолы да ауылдардың саяси ахуалы әңгіме болды. Басты мәселе Ата Заңға енгізілетін өзгерістерге байланысты өтіп жатқан комиссия отырысының жұмысына қарай ойысты. Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жәнет Керімқұлов биылғы бесінші құрылтайда айтылған мәселелерге жан-жақты тоқталып, Конституцияға жасалатын реформа барысы жайлы өз ойын ортаға салды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жөнінде пікір алмасуды жөн деп санады. Оған біз де пікір қосуымыз керек дегенді ашық айтты. Ата Заң жобасының маңыздылығын атап өтіп, оның қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын түсіндірді. Ақсақалдар тарапынан  аудандық  ақсақалдар кеңесінің мүшелері Ноғайбек Дәуренбеков, Жантөре Сайдахметов, Шарын ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серік Оразалиев, Үлкен Ақсу ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тохтахун Кадировтар да өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды. Әрине ашық, жария түрде өтіп жатқан талқылау болғандығына да жаңашылдық деп баға берді. Құрамы 100 адамнан тұратын, кіл мықтылар мен атақтылар бас қосқан комиссия жұмысына тек сәттілік тіледі. Бұл өзгерістер халқымыздың әлеуметтік жағынан толық қамтамасыз етіліп, бай-қуатты өмір сүрулері үшін жасалып жатқандығын, жаңа жобада ұлттық құндылықтарға басымдық берілетіндігіне сенімдерін жеткізді.

Балауса АБДИМУСАЕВА,

қоғамдық даму орталығы аудандық бөлімінің жетекші сарапшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЛТ ЖАДЫНДАҒЫ ЖАЗЫЛМАС ЖАРА

1979 жылдың 25 желтоқсаны. Бұл күн – тарихта қара әріппен жазылған күндердің бірі. Сол күн…