Басты бет Заң және қоғам АДАЛДЫҚ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ ЖАУЫ

АДАЛДЫҚ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ ЖАУЫ

0
41

Жемқорлық мәселесі бүгінде өзекті тақырыптардың бірі. Онымен күрес күн тәртібінен түскен емес. Ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиян тигізетін бұл дертпен күрес – халық алдында тұрған ортақ мәселе. Сыбайлас жемқорлық қазіргі таңда кез келген ортада табылады. Біз оны кейде байқамай да қалуымыз мүмкін. Өйткені кейбір әрекеттер үйреншікті, қалыпты жағдайға айналып кеткен. Мәселен, баланың аман-есен дүниеге келуі үшін дәрігерге ақша ұстата қою, оқу орнында жоғары баға үшін ұстаздың көңілін көтеріп қою, жол ережесіндегі өрескел тәртіп бұзушылыққа полицейдің көз жұма салуына жағдай жасай салу немесе балабақшаға барған баламызға дұрыс көзбен қарасын деген ниетпен сыйлық жасау деген сияқты күнделікті өмірдегі әрекеттер қалыпты жағдайға айналған. Онымен қанша күресеміз десек те, қоғамның санасын өзгерту оңай болмай тұр.

Бұл қалыпты жағдайға айналып бара жатқан сияқты. Үйдегі тәрбие мен ортадағы адалдық деген сезімнен алыстап бара жатқанымыз да өкінішті. Ал тәрбие – тал бесіктен.  Ол тәрбиені дұрыс беру үшін әр ата-ана баласының алдында адал болуы тиіс. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Үйде мұндай тәрбиелік түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген жағдайда да ата-ана баласына дұрыс үлгі көрсете білсе болғаны. Мұндайда бала өсе келе әрине жат қылыққа бармайды, ненің дұрыс, ненің бұрыс бағытқа апарарын бағамдай біледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып жатқаны рас. Біздің қазынашылық басқармасындағы жұмысымыз да ең алдымен сыбайластыққа жол берілмеу керек деген қағидамен басталады. Басшымыз әр құжатқа мұқият қарауымызды талап етеді. Қаржымен жұмыс болғандықтан әр санның өз орнында болғанын, мақсатты жеріне қатесіз жетуін қадағалаймыз.  Мемлекеттік мекемеде қызмет істегендіктен адамдарға жауап беруіміздің өзі мәдениетті болуына көңіл бөлеміз. Кез келген мәселені оңтайлы шешіп, біреудің көңіліне қаяу түсірмеуімізді де маңызды. Жемқорлық, парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізбей қоймайды. Олардың беделіне нұқсан келтіруі сөзсіз. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекет ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе», деп атап өткенінің өзі көп нәрседен хабардар етсе керек.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өз құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып отыр.

Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек.

Зайтуням РОЗИЕВА,

аудандық мемлеккеттік қазынашылық басқармасының

бас маман-бас қазынашысы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұйғыр ауданы полиция бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторлары Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының тұрғындарымен сталкингтің яғни құдалаудың алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді!