Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысының тауар нарығында монополияға қарсы жүргізілген талдаулар туралы

Алматы облысының тауар нарығында монополияға қарсы жүргізілген талдаулар туралы

0
230

Бәсекелестіктің жай-күйін талдау деген не және ол не себепті жүргізіледі?

Белгілі бір нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау оның деңгейін, монополиялық жағдайға ие субъектілер мен олардың басымдығын, нарыққа шығудағы кедергілерді анықтау үшін жүргізіледі. Талдау нәтижелері бәсекелестікті қорғау және дамыту және реттеубойынша ұсыныстарды әзірлеуге пайдаланылады.

Осыған байланысты, биылғы жылдың басынан бері Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен тауар нарығына 13 талдау жүргізілді. Олар – жүгері астығын қабылдау, жер учаскелерін жобалау, электр энергиясын бөлшек саудаға шығару, құс етін өндіру және өткізу қызметтері, мектепке дейінгі және мектептегі білім беру саласындағы қызметтер нарығы, спорттық және шығармашылық тапсырыс, Еңбекшіқазақ ауданы аумағында тұтынушыларды табиғи газға қосу кезіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары, мұнай өнімдерін сақтау, мұнай тасымалдау және мұнай өнімдері бойынша қызметтер нарығы, сымды интернет және телефон байланысы қызметтерін ұсыну, газ тарату ұйымдарының тауарлық газын бөлшек саудаға шығару, жеке тұлғалар үшін сымды интернет қызметтерін ұсыну, жылыту қажеттіліктері үшін халыққа және өнеркәсіптік тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын өткізу қызметтерін көрсету нарығы, астық қабылдау кәсіпорындарының қызметтері (астықты қабылдау, кептіру, тазарту, сақтау және тиеп-жөнелту), Қонаев қаласының шекарасында тіркелген (сымды) интернет қызметтерін көрсету нарығы.

Жоғарыда көрсетілген талдаулардың қорытындысы бойынша және де нарықтық шоғырлану коэффициенттерінің және Герфиндаль – Гиршман индексінің (НН) мәндеріне сәйкес, талданатын тауар нарығы шоғырлану жағынан жоғары және бірқалыптылығымен, нарықты монополиялаудың жоғары дәрежесімен және оған нарық субъектілерінің біркелкі қатыса алмауымен сипатталады. Бұған қоса, департамент Алматы облысының географиялық шекараларында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері анықталмағанын хабарлайды. Сонымен қатар, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің қызметі шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы барлық ақпарат ашық медиа кеңістігінде жарияланады және оны әрбір адам қадағалай алады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАЙ…

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби…