
Халық Кеңесінің бастамасымен бүкілхалықтық референдум өткізу – еліміздің демократиялық дамуы жолындағы маңызды қадам. Бұл халықтың өз тағдырын шешуге тікелей қатысу құқығын іске асыруға мүмкіндік береді және мемлекеттік шешімдерге сенімді арттырады. Референдум өткізу арқылы азаматтар елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси өміріне белсенді қатыса алады, маңызды мәселелер бойынша өз ойларын ашық білдіреді. Мұндай бастама құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып, заңдылық пен әділдіктің сақталуына септігін тигізеді. Сонымен бірге, халық пен билік арасындағы диалогты күшейтіп, ел ішінде бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондықтан Халық Кеңесінің бұл бастамасы – азаматтық қоғам мен демократияның дамуына айтарлықтай үлес қосатын нақты қадам болып табылады.
Оразалиев Серік Сүлейменұлы
Шарын ауылдық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы
