Басты бет Саясат КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

0
23

Конституциялық реформа аясында адамның құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік саясаттың басты құндылығы ретінде айқындау – әділетті әрі әлеуметтік бағдарланған мемлекет қалыптастырудағы маңызды қадам деп есептеймін. Бұл бастама азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, олардың заңды мүдделерін қорғауға және қоғамдағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Адам капиталына басымдық беру – елдің тұрақты дамуының, экономикалық өсімнің және бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторы. Сондықтан білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және еңбек ету құқықтарының конституциялық деңгейде нығаюы әрбір азаматқа сенімді кепілдік береді.

Осы тұрғыда аталған реформаларды толық қолдаймын. Адамды ең жоғары құндылық ретінде тану – Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі дамуының берік негізі болмақ.

Құсайынов Асқар
“Қоғамдық келісім даму орталығы” КММ Ұйғыр аудандық бөлімінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол 

2026 жылғы 4 ақпанда Астана қаласында офлайн жəне онлайн форматта Қазақстанның «БАЙТАҚ» жа…