Мемлекет басшысына облыстың биылғы қаңтар-мамыр айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндалды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 5 триллион теңгеге жеткен облыс еліміз бойынша бесінші орында тұр. Қаңтар-мамыр айларындағы қысқа мерзімдік экономикалық көрсеткіш 107,9 пайызды құрады. Өнеркәсіптің жалпы көлемі жөнінен өңдеу өнеркәсібі (88,5%) жетекші орынға ие. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, ауыл шаруашылығы, байланыс қызметі, көлік, құрылыс салаларында және сауда-саттық секторында да айтарлықтай …