Басты бет Көкжиек ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ

0
747

Абай атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Сымбат Қанатқызы еліміз бойынша 100 дарынды оқушының қатарынан табылды. Біз үшін – үлкен мақтаныш, зор мәртебе. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын дарынды жастардың арасында кеңінен насихаттау, жастардың бойында инновациялық идеяларын арттыру, ғылыми, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткен «Әділетті Қазақстанның 100 дарынды оқушысы» атты республикалық форумына қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін Сымбат Қанатқызы бірінші дәрежелі диплом мен арнайы төсбелгісін кеудесіне қадады. Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткен үлкен жиында абыройлы азаматтардың қолынан марапат алған Сымбат қызға қуанышың құтты болсын дейміз.

Талантты адам барлық жағынан талантты болады деген тәмсіл бар. Сымбат қызымыз сурет салуды жаны сүйетін қыз. «Әбілхан Қастеевтің туғанына – 120 жыл» толуына орай «Ә.Қастеев әлемі» атты 11-13 жасар оқушылар арасында өткен республикалық сурет көрме-байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орын алғаны үшін арнайы дипломмен марапатталды. Қос жүлдең құтты болсын, дарынды қыз!

ҚАРАДАЛАЛЫҚТАР

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қонаев қаласындағы Alatau Hub орталығы мен Жастар ресурстық орталығына танымдық экскурсия өтті

2025 жылғы 22 шілде күні Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушіл…