Аудан әкімдігінің мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болды. Оның жұмысына халық қалаулыларынан басқа аудан әкімінің орынбасары Дәулетжан Деменбаев, мекеме, кәсіпорын басшылары, жауапты мердігерлер қатысты. Комиссия жұмысын аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссияның төрағасы Камилжан Юлдашев жүргізді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шонжы ауылының солтүстік батыс жағалауындағы тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген 174 гектар жердегі инженерлік-коммуникациялық желілер …