Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен азаматтардың заңды құқықтарын қорғау Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы – азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Күнделікті өмірде азаматтар әлеуметтік көмек алу, құжаттарды рәсімдеу, көші-қон мәселелерін шешу және басқа да көптеген мемлекеттік қызметтерге жүгінеді. Мұндай кезде қызметтің тек көрсетілуі ғана емес, оның заңда белгіленген тәртіппен, белгіленген мерзімде және сапалы түрде ұсынылуы …