Басты бет Саясат және экономика Ел экономикасына қосқан үлесіміз зор

Ел экономикасына қосқан үлесіміз зор

0
12

Осыдан бес жыл бұрын, яғни 2014 жылы 14 тамыз күні ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау  және Салық комитеттері қайта ұйымдастырылып, Мемлекеттік кірістер комитеті болып құрылды. Біріктірудің бірден-бір негізгі мақсаты – шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділіктерін қолдау бойынша, салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметтерге қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмыстарын жалғастыру еді.

Соңғы 5 жылда  Ұйғыр  ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен   тиісті қаржы жылына жоспарланған бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдердің болжамы артығымен орындалуда. Мысалға 1 476,4 млн.теңгеден 2018 жылы 3493,8 млн. теңгеге өсті. Оның ішінде  республика бюджетіне 867,1 млн.теңгеге, ал  жергілікті бюджетке 2626,0 млн. теңгеге артық. Төлемдердің көбейгені халықтың тұрмыс деңгейінің жақсарғандығы деп түсіну керек.

         Аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы алдағы уақытқа жұмыс жоспарын құрып, сол бойынша бірқатар істерді атқаруда. Ағымдағы жылдың бірінші шілдесіне аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына барлығы 4797 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде 2593 жеке шаруа қожалығы.

          Мемлекеттік кірістер комитетінің алдындағы міндеттердің бірден-бірі – шағын және орта бизнесті, іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыру, адал кәсіпкерлерді қылмыстық бәсекелестіктен қорғау. Тұғырлы тәуелсіздігімізбен бірге ел игілігіне, мемлекетіміздің өркендеп, көркеюіне қызмет етіп келе жатқан салалардың бірі – салық  саласы. Кемел экономикалық кеңістіктің өрелі өзегіне айналған бұл сала  – мемлекет егемендігін көрсетудің бір формасы. Мемлекет қазынасының то­лықтығы – жалақының және зейнетақының уақты­лы төленуінің, балабақша, мектеп және аурухана құ­рылыстарының көптеп салынуының, қала мен ауыл­ды сәулеттендіріп көркейтудің кепілі. Сондықтан «Салық – өркениетті және мәдениетті мемлекетте өмір сү­рудің өтемі» деген сөз бекер айтылмаса керек.

        Біздің бүгінгі басты ба­­ғытымыз – салықтарды жә­не міндетті төлемдерді әкім­ші­­ліктендіруді бақылауды кү­шейтудің нәтижесінде мем­ле­кеттік бюджет түсімдерінің бол­жамды жоспарын то­лы­ғы­мен орындау. Бұл үшін әкімшіліктендіруді жақсарта оты­рып қосымша резервті та­бу, экономикалық-бақылау жұ­мы­сын жақсарту, бюджет ал­дында қарызы бар салық тө­леу­ші­лермен және әрекетсіз салық тө­леушілермен жұмыс жүргізу, сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізу сияқты толып жат­қан шаруаларды жүзеге асы­ру қажет. Салық қызметінің саласы құрылған уақытынан бері тәуелсіз   Қазақстан  эко­но­ми­ка­сы, эко­номикалық қарым-қа­тынас құ­рылымы, меншік құ­ры­лымы, салық төлеуші мен мем­лекет арасындағы өзара қа­тынастың сипатында, тіпті аза­мат­тардың менталитетінде көп өз­герістер орын алды.

         Салық қызметінің саласын жас мамандар ғана емес, тә­жі­­рибелі қызметкерлер де қан­шалықты күрделі екенін бі­леді және түсінеді. Салық қыз­меткерлері экономикалық тұ­рақ­сыздық, өндіріс саласының тө­мендеуі кезеңіндегі ауыр жағ­дай­ларға қарамай өз қызметін абы­роймен атқарды. Бүгінгі қол жеткен та­быс­тар, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің күнделікті бірігіп іс­телген қарқынды, белгілі бір мақсатқа бағытталған ең­бек­те­рі­нің жемісі деп білемін.

                Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің ба­сым бөлігі бі­лім­ді жас мамандар. Олар өз­дерінің жемісті еңбегімен мем­лекет бюджетінің кіріс бө­лі­гін толықтыруда және алға қо­йылған бағдарламаларды орын­дау жолында аянбай өз үлестерін қо­суда. Тұрақты, тапжылмай осы саланың жілігін шағып, майын ішіп жүрген әріптестерімізден бас маман Сәбит Қаражановты, бөлім басшысы Айнұр Ибрагимоваларды атауға тұрарлық. Олар ізбасарлары болып келе жатқан жас мамандарға әрқашан үлгі.

      Бүгінгі таңда 15 қызметкеріміз тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Оңтайлы сәтті пайдаланып, 5 жыл толған күнімізбен барлық ұжым мүшелерін шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта да мемлекеттік кірістер басқармасында жұмыс істейтін қызметкерлердің  талап деңгейінде болып,  мемлекет бюджетінің кіріс түсімін арттыруға бар мүмкіншілікті жасап, аудан экономикасы мен әлеуметтік жағдайының дамуына  өз үлестерін  қосатынына сенімдімін.

Серік Акишев,

 Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасының басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Әһдигә мунасип Президент

Мошу һәптиниң чаршәнбә күни елимизниң пайтәхти Нур-Султан шәһиридә, тарихта алаһидә орни б…